Қазақ тілін мазақ еткен бағдарлама — елдің ақшасына шығып жатыр ма?
Танымал ақын Танакөз Толқынқызы министр Аида Балаева сауал тастап, үндеу жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.
Өзінің әлеуметтік желі парақшасында ақын «Жібек жолы» теле арнасындағы мемлекеттік тілді мазақ ету бағдарламасы туралы, сонымен қатар мемлекеттік теле арналардағы басқа да проблемаларға қатысты сауал қойды.
Бір жыл бұрын да осы сұрақтарды қойғанын айтқан ақын Танакөз Толқынқызы:
«Сіздің алдыңызда болған министр Darhan Qydyráli де үндемей құтылған.
Сізден де жауап жоқ.
Президенттік теле арна саналатын «Жібек жолы» телеканалында көрсетілетін «Төрлетіңіз» бағдарламасына мемлекеттік бюджеттен 540 млн теңге бөлінетіні рас ақпарат па?
Рас болса, онда қазақ тілін мазақ етіп, өлтіруге бағытталған бағдарлама неге мен төлеген салықтың есебінен шығады?
Қазақ тілін неге қазақ халқы төлеген салықпен өлтіріп жатырсыздар?
Бұл-бір!
Екіншіден, ел суға кетіп жатқанда неге мемлекеттік телеарналар ойын-сауық бағдарламалары мен түрік сериалдарын көрсетіп жатыр?
Олар оқиға орнынан неге тікелей эфирге шықпайды?
Неге екі адам трактордың үстінде 10 сағат көмек күтіп, суға батып өледі?
Неге?
Неге ақпарат құралдары дабыл қақпаған?
Неге біз олар он сағат көмек күтіп отырғанын білмейміз?
Неге олар өліп қалған соң әлеуметтік желі арқылы естиміз?
Неге?
Неге сіз қарапайым адамдарды жалған ақпарат берсеңіз түрмеге қамаймыз, заң алдында жауап бересіз!-деп қорқытасыз?
Жалған ақпарат деген не? Біз бәрінің видеосын көріп отырған жоқпыз ба?
Қазақстан — үлкен түрме ме?
Батып бара жатқанымызды да айтуға болмайтын?
Сосын Қазмедиада неге телеарна басшылары жеке лифтімен жүреді есігін құлыптап алып? Олар жоғары каста өкілі ме? Бұндай қарапайым журналистерді менсінбейтін астамшылық қайдан келген?” деп жазды.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.