“Бірінші, ислам дінінде мәйітті алғашқы күні, күн батқанға дейін жерлейді. Ал қазақтар мәйітті барлық туыстары келіп, көрісіп болған соң үшінші күні жер қойнына тапсырады. Екінші, қазақтарда келген қонақтарға қонақасы беріледі. Исламда мұндай жоқ. Үшінші, қазақта күзету деген бар. Ол қаза болған адамның басына шырақ жағу. Төртінші, қазақта қаза болған адамның жақындары жоқтау айтады. Ал исламда жоқтау айтылмайды. Бесінші, қазақтар қаза болған адамның жетісін, қырық күндігін, жүзі мен жылдық асын береді. Ислам дінінде бұған тыйым салынған. Алтыншы, исламда мазар салуға тыйым салынған. Олар мәйітті жерлеген соң кішкене төбе жасап, малтатас қойған. Жетінші, қабірді зиярат етуге, оны күтіп-баптауға болмайды. Ал қазақтарда қаржылық жағдайы жетіп тұрса зәулім мазар салып, көктас орнатады. Мазарлар көзбояушылық үшін емес жолаушыларға ауа райы бұзылған сәтте түнеуге арналған. Қазақтар мазарды киелі санап, ол жерде түнеу қауіпсіз деп есептеген”, – дейді тәңіршіл қыз.Осындай мысал келтірген ол қазақтар ислам діні бойынша емес, тәңіршілдік жөн-жоралғылары бойынша жерленген дейді. Адамның өлі не тірі екенін үш күн сақтау арқылы анықтаған Тарихшы Бақытжан Сейдомар тәңіршіл қыздың айтқан сөзімен келісетінін жеткізді. Дегенмен “жетісі, қырық және жүз күндігі” келім кетім адамдарға жасалады деген оймен келіспейтінін айтты. "Қазақта мәйітті не себепті үш күн ұстаған? Адам шын мәнінде өлді ме, тірі ме үйде мәйітті үш күн сақтау арқылы анықтаған. Мысалы үш күн үйде ұстап, адамның беті қызарса ол тірі деген сөз. Ал жетінші күні адамның ішкі құрылысы өзгере бастайды, ауырады. Сондықтан жеті күндік ас береді. Қырық күн дегенде еті сүйегінен ажырайды. Сол үшін қырық күндік асын береді. Адам дүниеге келгенде де солай. Үш күн болмай адамға есім бермейді. Себебі шетінеп кетуі мүмкін. Жеті күнде 100 пайыз ішкі құрылысы қалпына келеді және қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қазақтың өмірінде "3, 7, 40" деген сандар сол үшін маңызды саналады", – деді тарихшы. Тарихшының сөзінше, қазақта жерлеу рәсімінде молданың құран оқығаны мен жаназа шығарғаны ғана дінмен байланысты. Қалғаны қазақ дәстүрі мен жөн-жоралғысы бойынша өтеді дейді. "Кейбірі адамның бетін Меккеге бұрып қояды. Мысалы мұсылмандарда мазарға бөлме жасау деген жоқ. Бізде оңға немесе солға қарай бөлме жасайды. Ал исламда көміп, үстінен ағаш жауып, топырақ лақтырады. Оларда бейіт деген жоқ. Үйде еске алып құран оқиды. Қазақта құран оқу, мазар салу деген дәстүр бар. Сосын діншілдер бейітте фото қоюға болмайды дейді. Дін жағынан бұл 100% дұрыс. Ал қазақи тұрғыдан, ұлы дала дәстүрі, мәдениеті және дүниетанымы бойынша балбал тастар орнатылады. Сондықтан заманауи бейіттерге фото, адамның бейнесін тасқа жасап қою қазақтың салт-дәстүрін бұзбайды", – дейді Батыржан Сейдомар. Оларды тәңірге сенетіндер емес, атеист деп атаған жөн Ал исламтанушы Мұхитдин Исаұлы мына заманда ешкімге пәлен түген дей алмайтынын, әркім өз қалауынша рәсім өткізетінін жеткізді. "Бұрынғы тәңіршілдікте адамды атымен бірге көметін болған. Олар да жаназа шығарған, айтатын сөздері де болған. Алайда олар бізге белгісіз. Исламға дейінгі тәңіршілдіктен бүгінгі күнге ешбір дерек жетпеген. Сол себепті оларды тәңірге сенетіндер емес, атеист деп атаған жөн. Тәңіршілдіктен қалған жөн-жоралғылар бұған сәйкес келмейді. Мысалы 90-шы жылдары атеистер шыққан. Олар кейіннен жоғалып кетті. Міне оларды сектанттар деп атауға болады. Сектанттар деп өздері қолдан діни-наным сенім жасап, соған сенетіндерді айтады. Мына заманда ешкімге пәлен түген дей алмаймыз. Әрқайсы білгенін істейді. Бастысы елімізге қауіп төнбесе болды”, – дейді исламтанушы. Сондай-ақ исламтанушы Құранда "сенің дінің саған, менің дінім маған" деген сөз барын, әркімнің өз сенімі, түсінік пайымы өзіне екенін жеткізді. Қазақта адамды дін және дәстүр бойынша жерлей береді Ал этнограф Бұлбұл Кәпқызының айтуынша, қазақта өлімге көбіне дәстүрлі тұрғыда қарайды. "Қазақта “ақ өлім” деген бар. Жасы жетіп, балаларына өсиетін айтып, ұл-қыздарының қолынан ас-суын ішіп көз жұмуды ақ өлім деп атайды. Осылай өмірден өткен адамды қазақ құрметпен шығарып салады. Бірінші, мәйіттің басына шаңырағын тігіп, киіз үйдің оң жағына салып, жаназасын шығарады. Кісіні бір күн шаңырағына қондырып, ертесіне жерлеу рәсімін жасайды. Ер адамдар зират басына барып, топырағын салады. “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деп Абай атамыз айтқандай қазақта көрісу, жоқтау айту деген жөн жоралғы бар. Ұл-қыздары жоқтау айтады. Ол ежелден бар дүние. Өлімде қазақта екі түрлі жөн-жоралғы бар. Бірі – дәстүр, екіншісі – діни”, – дейді этнограф. Сондай-ақ этнограф адамды жерлеу рәсіміне қатысты діни және қазақ дәстүріне сай жөн-жоралғыларды салыстырып, айтып берді. “Діни тұрғыдан алғанда өмірден өткен адамның сүйегі оң жақта жатқанда құран бағышталмайды. Біріншіден, кісіні жерлегеннен кейін құран бағыштайды. Екінші, өмірден өткен адамды арулаған жеріне қырық күн шырақ жағады, ол орынды баспайды. Бұл дәстүр болған дүние. Дінде олай жасауға болмайды деп айтады. Алайда, бұл қазақта “шырағың сөнбесін, ұрпағың жалғассын” деген мағынаны білдіреді. Адам өмірден өткеннен кейін тұлдау деген дүние бар. Қазақта үйді тұлдайды. Үйді тұлдаған соң ол шаңырақта бір жыл бойы той-томалақ өтпейді. Сондай-ақ қазақта әйел адам қара жамылмаған. Қаншама өлім болып жатса да, келешегін ойлап басына ақ киген. Ал ер адамдар беліне немесе білегіне ақ орамал байлайды. Бұл қаралы үй екенін білдіреді. Бір жағы көңіл айтып келген адам соған қарап ет жақын адамы екенін бірден таниды”, – дейді Бұлбұл Кәпқызы. Бұлбұл Кәпқызының сөзінше, қазір ғылым-техника дамыған заман болғандықтан адамды үйіне бір-екі күн қондырып жерлейді. Имамдардың айтқанына да бағынып, өз дәстүрлі жөн-жоралғысын жасайды дейді. “Зиратқа адамды жерлегеннен кейін белгі ретінде ағаш шаншып қояды. Ал үйде есік алдында қаза болған адамның ет жақыны таяқ сүйеніп тұрады. Ақ өліммен өлген кісі кетер алдында өзін жуындыруы керек адамдарды айтып кетеді. Жуындыратын кезде мәйіттің басын ұстап тұратын адам өзінің ет жақыны болуы керек. Адамды арулап жерлегеннен кейін киімі таратылады. Басын жуған адамға бас киім, денесін жуған адамда шапан, белбеу, аяғын жуған кісіге етік, аяқ-киім берген. Қазақ негізі дін және дәстүр бойынша жерлей береді. Қазір ғылым, техника дамыған заман. Сол үшін адамды үйіне бір-екі күн қондырып жерлейді. Имамдардың айтқанына да бағынады, өздерініңжөн-жоралғысын да жасайды”, – дейді этнограф. Сондай-ақ этнограф қазақтар қазаға сабырмен қарап, салт-дәстүрді берік пайдаланғанын жеткізді.
Қазақ жаназаны Ислам жолымен өткізбейді
-
Желтоқсан-1986: Бес қызды ұстап берген әйелдің фотосы жұртты шулатты15:00, 18 желтоқсан 2025
0
-
"Елбасы марапаттаған" актер аузына келгенді айтып, жұртпен салғыласып отыр14:33, 18 желтоқсан 2025
71
-
Мұғалім кінәлі: Өзі әскерде болмаған депутат әскердегі тәртіпсіздікке кінәліні тапты14:00, 18 желтоқсан 2025
156
-
Болат Әбілев өзіне Горбачевтің сұмдық шындықты айтқанын мәлімдеді13:00, 18 желтоқсан 2025
141
-
"Міндеттісіздер!"деген Арон Атабектің қызы маңызды мәлімдеме жасады12:00, 18 желтоқсан 2025
170
-
Мемлекет басшысы Жапония императорымен кездесті11:32, 18 желтоқсан 2025
18
-
Тұрсынбектің экс-әйелін балалары жылатып қойды11:00, 18 желтоқсан 2025
113
-
"Айсұлтанды Дариға туған жоқ"деген Гүлжан Ерғалиева сұмдық дерек айтты09:58, 18 желтоқсан 2025
594
-
"Еркек пен еркек құшақтасып, аймаласып сүйісіп отырды"дейді Бағила Балтабаева09:46, 18 желтоқсан 2025
350
-
"Руың кім?": Фильм қоғамның жанды жарасын тырнап өтті ме?09:28, 18 желтоқсан 2025
75
-
Мұқағали Мақатаев туралы ел естімеген сұмдық жазба шықты
11:00, 18 қыркүйек 2025
31725
-
"Төсегімізге сыймай жүрміз" дейді Кенжебек Жанәбілов
16:34, 17 қыркүйек 2025
17410
-
ҚТЖ-ны қарызға батырған Мәмин туралы сұмдық деректер шықты
11:00, 10 қазан 2025
17300
-
Салафиттердің былығын ашқан Рания оларды "майсыз табада қуырып жатыр"
13:00, 10 желтоқсан 2025
16958
-
Тұрсынбек Қабатовтың шешесі баласының тоқалына қатысты не айтты?
17:15, 03 қараша 2025
12176
-
Әнші Мәдинаның жиіркеніп, тыжырынғаны жұрттың ашуына тиді
14:00, 12 қазан 2025
11226
-
"Мұғалімдер есеңгіреп қалды, тозды, шаршады" дейді ардагер ұстаз
15:00, 29 қыркүйек 2025
11127
-
"Туған күніңмен, махаббатым!" деген Баян күйеуіне ерекше сыйлық жасады
12:00, 17 қыркүйек 2025
10197
-
"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды?
14:00, 19 қазан 2025
9977
-
Пәтер, көлік сатқанда азаматтар білуге тиіс ережелер
13:00, 16 қараша 2025
9286