Қазақстандық әйел Әзербайжаннан экстрадицияланды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы Әзербайжаннан экстрадицияланды.
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ҚР Әзербайжандағы елшілігінің көмегімен қазақстандық әйелді заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады.
Биыл қаңтарда ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
«Күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деп жазылған хабарламада.