Қазақстандық әйелге түрік күйеуі қорлық көрсеткен

0
99

Алматы облысының тұрғыны бұрынғы күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Рафаил Қадыров қызымен қысқы демалысын өткізу үшін Алматыға келген. 67 жастағы ер адам бұрынғы күйеу баласынан қорлық көріп, ал қызы Наила Текинге пышақ сұққанын айтты.

Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі ажырасқаннан кейін үй мен көлікті алу үшін соңынан қалмай қойған.

«Бұл үй менікі. Мен оны 13 миллион теңгеге алғанмын. Ал ол 1 млн теңге қосты. Енді осы үйді екіге бөлгісі келеді. Көлікті де мен алғанмын. Ол көлігімнің дөңгелектерін кесіп тастапты», — дейді Наила.

Әйел полицияға арыз жазды. Ер адамның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ер адам бұрынғы әйелінің үйіне досымен бірге келген. Досы Тәжікстан азаматы екен.

«Тәжікстан азаматына қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Түркия азаматына қатысты полиция бұрынғы жұбайына және оның әкесінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру, сондай – ақ заңсыз бас бостандығынан айыру фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде», деп хабарлады полиция.

Наиланың бұрынғы күйеуі тергеу изоляторында отыр.