Қазақтар өзбектерді ойсырата жеңді

0
77

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын айқын басымдықпен жеңді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бірінші кезеңде қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алға шықса, екінші таймда есепті еселеді.

Айта кетейік, «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекет қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі.

Көкпардан ұлттық құрама спортшысы Құрманбек Тұрғанбек Өзбекстан құрама командасымен болған ойыннан кейінгі әсерін бөлісті.

«Қарсыласымызды өте жақсы білеміз. Өзбекстанға барғанда ойнағанбыз. Олардың жеңілудегі басты себебі – өз аттарымен келген жоқ. Аттарымызды барынша дайындадық. Біздің басты қарсыласымыз – көрші Қырғызстан мемлекеті, бірақ біз жеңу үшін барымызды саламыз», – деді ол.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.