Келген жас дәрігер мамандарға 5 млн. теңге беру қарастырылған

0
239

Атырау облысының Жылыой ауданында 75 орындық жаңа аурухананың құрылысы аяқталды. Қазір заманауи қондырғыларды орнату, іске қосу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа медициналық нысан бұрын-соңды болмаған магнитті-резонансты томограф, видеоэндоскоп секілді түрлі медициналық құрылғымен, хирургияға арналған урологиялық кешен және рентген аппаратымен жабдықталған.

Бұл тұрғындардың аудан орталығынан шықпай-ақ медициналық көмек алуына мол мүмкіндік береді. Дегенмен қазір Жылыой ауданында маман тапшы. Денсаулық сақтау басқармасы жаңа, заманауи құрылғылардың тілін білетін дәрігерлерді іздеп жатыр.

Олар үшін берілетін үстемеақы көлемі де биыл өскен. Клара Тағанбаева, Жылыой аудандық орталық аурухана директорының орынбасары: — МРТ аппаратын оқитын және оны түсіріп, диагностика жасайтын дәрігерлерді өзімізге шақырамыз.

Көптеген маман жетіспеушілігіне байланысты жаңа жас мамандарды өзімізге жұмысқа тартып жатырмыз. Окушер-гинеколог, неонатолог, инфекционист дәрігер жетіспейді қазіргі таңда. Жас мамандарды өзімізге тарту мақсатында үстеме ақы 5 млн теңге деңгейінде төлеуге биыл шешім шықты.

Фото ашық дереккөзден алынды.