Келін әр қадамы үшін енесіне есеп беруі керек пе?

0
374

Қазақстан телеарнасындағы «Тату тәтті» бағдарламасында келесі көтерілген мәселе келіннің міндеті болды деп жазады Democrat.kz.

Жалпы отбасылық ток-шоуға құрылған бұл бағдарламада негізінен келін, ене, қыз тақырыбы сөз болады. Сондай мәселенің бірі — келін енеден кез келген нәрсе үшін рұқсат сұрау.

«Келінім менен «мама, мынау көйлек ұнап тұр, алсам бола ма?»деп рұқсат сұрауға тиіс» дейді бағдарламаға қатысушы ененің бірі.

Оның пікірінше, келін әр аттап басқан қадамына есеп беріп, әр қалаған дүниесі үшін ең алдымен енесінің рұқсатын алуы керек екен.