«Келіні Жұлдызға ерегісіп отыр» дейді оқырман
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші құдағиының туған күнінде ерекше жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Продюсер екінші келіннің анасын туған күнімен құттықтады.
“Құдағиым, туған күніңіз құтты болсын! Қыздан жалғыз болсада Айгерамызды кішіпейіл, инабатты, көркем мінезді етіп тәрбиелегеніңіз үшін алғысымыз шексіз! Ұл-қыз, немерелердің қызығын бірге көріп, құдам екеуіңіз 100 жасап, екі дүниенің бақытын көрулеріңізді жазсын Алла!
Біз сізді отбасымызбен жақсы көреміз! Менің сүйікті оқырмандарым, сіздерге де осындай құдағи тіледім, сіздерден де құттықтауларыңызды, ыстық лебіздеріңізді күтемін!”, – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары келіні Жұлдыздың анасын сұрап, жарыса жазып жатыр.
“Жұлдыздың ата-анасын аузыңызға да алмайсыз, иә?! Сіз оны туған қызыңыз болып өзге әулетке келін етіп бергенде түсінер едіңіз! Тәрбиелі, кішіпейіл етіп дегенде Жұлдызға меңзеп, тіл тигізгеніңіз байқалып тұр. Жұлдыз сізге шыдады, енді жеңілмес”,
“Бірінші келініне ерегесіп жазып жатыр”, “Негізі орыс мінезді ме, не орысша тәрбиеде өскендер ме сәл кішіпейіл болып келеді, ал таза қазақи тарибедегілер бір бірінен көп заттан кінәрат іздеп бір біріне көңілдер қалаып аралары алыстай береді екен”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.