ҚР ІІМ халыққа үндеу жариялады
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі құқық тәртібін және кез келген заң бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті. Осыған байланысты департамент 2024 жылдың 28 қарашасында азаматтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жедел басқару орталықтары мен патрульдік қызметтің жұмысын белсенді қадағалауда. Жедел басқару орталықтары патрульдік полицейлердің жұмысын тәулік бойы бақылауда ұстайды. Қызметкерлер өздігімен сөндіре алмайтын «смартжетондармен» жабдықталған. Бұл құрылғылар белгіленген талаптардан ауытқуға мүмкіндік бермейді, барлық әрекеттер үнемі жазылып отырады.»Шыңғыс Әлекешев
Сонымен қатар, спикердің айтуынша, жасанды интеллектпен біріктірілген бейнебақылау камераларынан алынған деректерді талдайтын жүйе қолданылады. Бұл кез келген бұзушылықтарды анықтауға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
«Полицияның жұмысы әрбір заң бұзушыны оның мәртебесі мен лауазымына қарамастан тиісті жауапкершілікке тартуға бағытталған. Ешкімге ешқандай артықшылық берілмейді. Патрульдік полицейлер заң талаптарын қатаң түрде сақтайтынын атап өткім келеді. Олардың тарапынан кез келген заңсыз әрекеттер үшін сәйкесінше жауапкершілік көзделген. Біз азаматтарды заңды сақтауға, полицейлердің заңды талаптарын орындауға, лауазымды тұлғаларға пара ұсыну әрекеттеріне бармауға шақырамыз», — Шыңғыс Алекешев.
ІІМ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында тиісті меморандумға қол қойылғанын еске саламын. Оның аясында жемқорлықпен күрес одан әрі нығая түспек, деп атап өтті Алекешев.
«Егер сiз қызметкерлердің әдепсіз іс-әрекеттерінің куәсі болсаңыз, дереу ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментіне немесе 1402 сенім телефонына хабарласыңыз. Тек бірлесе жұмыс істей отырып, біз қоғамда қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және әділеттікті қамтамасыз ете аламыз», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.