«Қуанбайсыңдар ма, аталарымыз күресіп жүріп хақ дін таратқанына» дейді қазақтың бір қызы (ВИДЕО)
Қазақтың аталары күресіп жүріп хақ дін орнатты дейтін тағы бір қазақ шықты деп жазады Democrat.kz.
Өткенде ғана сайқымазақ, әзілкеш Ғалымжан Құрманбек деген «батырларымыз дін үшін соғысты» деп күйдіріп еді. Енді міне, сол әзілкешпен үндес қазақтың бір қызы тағы шықты.
Аты-жөні, атқарар қызметі туралы ешқандай ақпарат таппадық. Алайда әлеуметтік желіде тараған видеосы мен сөздерін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Аты-жөнін тапқан соң, қосымша тағы хабарлармыз.
«Мектеп — жақсы нәрсе үйретпейді. Мектеп — атеизмге үйретеді. Қазір мынау арабқұл деп шулап жүргендер, хиджаб біздің киім емес деп жүргендер солардың барлығы осы мектептің жемісі. Ал мектептің құрбанына айналмау үшін үйдегі тәрбие мықты болуы керек. Ей, осындайларға айтарым бар ғой, ей, нелерің бар біреудің қандай киім киетінінде, намаз оқи ма, мешітке бара ма. Инстаграмды ашып алып, соларға сонша жаман комментарий жазғанша, өз тірлігіңмен айналыссайшы!» деген қыз сөзінің соңында «дінсіз елді қайдан көрдіңдер? Мемлекеттің мемлекет болып құралуы үшін дін керек. Қайта қуанбайсыңдар ма, аталарымыз күресіп жүріп біздің жерімізде хақ дін ислам дінін таратқанына!» деп қорытындылайды.
Фото видеодан скринделіп алынды.