Құлдық қамыттан босанғыңыз келсе…

0
47

Тауық емес- Қыран, ит емес — Көкжал, қой емес-Архар болып өмір сүр! Өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіп, Бай да Бақуатты өмірге жол көрсететін мақала, ерінбей оқып шығып, өз ойыңызды жазыңыз.

Жалданып жал ақы (Жал ақы деген Жалшының ақысы деген сөз) беретін жұмыста істейтін адамдарда «сенбі, жексенбі, дем алыс айы (отпуск), зейнет (пенсия) деген түсінік қалыптасқан. Бұл түсінік адамдардың бірін-бір жалдап жұмыс істету кезеңінен, кейінгі жылдары ғана басталған еді.

Одан бұрын жалдамалы жұмыс жоқ кезде адамзатта және басқа жан-жануарлар да, дем алыс күні, сенбі, жексенбі, отпуск, зейнет жасы деген түсінік мүлде болмаған

Менің атамда, апамда, әке-шешемде де бұндай түсінік болмады. Менде де мектеп кезінде, кейін заводта жұмыс істегенде болғанымен 1991 жылы жалдамалы жұмыстан кете салысымен бұндай түсініктерден ада болдым.

Жалдамалы жұмыста жүрген адам жұмысты «міндет, жұмыс, азап» деп қабылдайды да, дем алыс күндерін, отпуск, зейнет жасын бір азаттық күндер сияқты тосып жүреді. Олар үшін жұмыс-азап, дем алыс-мейрам.

Маған «Сен неге дем алыс алмайсың» дегендерге қалжыңдап «Бір күні торғайдан, осы сендер сенбі, жексенбі дем аласыңдар ма?» деп сұрап едім, олар «Ол не деген сөз, біз үшін барлық күнде бірдей » деп жауап қатты, даладағы суырдан «Сендер отпускіге, содан кейін пенсияға шығасыңдар ма?» деген едім «Жоқ бізде ондай нәрсе жоқ, біз жұмыс істемейміз, жұмыс біз үшін өмір дейді» деп айтамын.

Мен үшін жұмыс жасау тыныс алумен бірдей, тыныс алмасам менің өліп қалатыным сияқты, жұмыссыз бос жатқан уақыт мен үшін ӨЛГЕН уақыт!

Әрине мен де шаршаймын, бірақ өкімет, мекеме белгілеп берген уақытта емес, қалаған уақытымда, керек кезде дем алам. Мені «Ананы істе, мынаны істе, мұнанша істе» деп ешкім мәжбүрлемейді.

Мен ақша үшін істемеймін, жұмысты өмір деп қабылдағандықтан істеймін, бос отыра алмаймын. Әр минутымды білімімді жетілдіруге, денсаулығымды нығайтуға немесе жақын жандарыммен араласуға (Кино, театр, қонақ, монша, шет елге қыдыру тағысын тағы) арнаймын.

Қасқыр болсын, бүркіт болсын кез келген ет қоректі жыртқыш аң өзінің жемтігін қуып жете алмаған кезде өмір сүре алмай өледі. Сол сияқты кез келген шөп қоректі жануарлар да өз аяғымен жайыла алмағанда, жыртқыштарда қашып құтыла алмаған кезде өмір сүре алмайды, өледі.

Адамда ЖҰМЫСЫМ-ӨМІРІМ деген ҰСТАНЫМ қалыптасқанда ол ешқашан шаршамайды, жұмыс істеп жүрмін деп ойламайды. Үнемі не білімін, не іскерлігін дамытып, жұмыспен айналысатын адамның кедей болуы мүмкін емес. Сонымен бірге денсаулығына да назар аударып, үнемі спортпен айналысатын адамның денсаулығы да мықты болмақ. Ол үшін ӨМІР ЖҰМАҚ!

Ал сенбі, жексенбіні, отпускіні, зейнетті тосып жүрген адам үшін өмірінің көп уақыты ТОЗАҚ. Ол жұмысты жек көреді, оны бір МІНДЕТ, АЗАП деп қабылдайды да, үнемі шаршап көңілсіз жүреді.

Менде қанша өмір сүрсем соншама жұмыс жасаймын, жұмыссыз мен дағдарысқа, «деградацияға» ұшыраймын, жұмыс жасауға, қоғамға жақсылық жасауға, ештемеге шамам келмей қалғанда менің бұл жер бетіндегі миссия, мұратым бітті, енді о дүниеге аттана беруім керек деп санаймын.

Сондықтан мен үшін күннің бәрі бірдей, таңғы 5.00 де ояна салысымен мен үшін ӨМІР, яғни ЖҰМЫС басталады. Шаршағанда, не керек деп тапқан уақытымда, әрине компанияның жұмысымен үйлесімді уақытта дем алам, баратын жеріме барам.

Сіз де жұмысқа деген көзқарасыңызды, ҰСТАНЫМЫҢЫЗДЫ өзгертіп бірнеше ай өмір сүріп көріңіз, бұның сізге қаншама рахат күй сыйлайтынын, қаншама табысқа жеткізетінін бірден сезінесіз.

Біреудің қорадағы тауығы емес, заңғар биікте қалағанынша ұшатын, ешімнен жем тоспайтын аспандағы Қыран болып, біреудің ит аяққа қашан ас салады деп тосатын байлаудағы иті емес, даланың еркін өз жемін өзі тауып жейтін Көкжалы болып, біреудің жылы қорасындағы, шөп-жем беретін қойы емес, сайын даланың еркін арқары сияқты өмір сүру өз қолыңызда.

Қырандар, көкжалдар, арқарлар таң бозынан оянғанда «Бүгін жұмыс, жұмыс күні басталды не бүгін дем алыс күні» деп ойламайды. Олар «Тіршілік басталды» деп ойлайды да бірден тірлігіне кіріседі. Адамдар сияқты мына ісім «тірлік-жұмыс» мына ісім «дем алу» деп бөлмейді.

Сіз де ояна салысымен бірден қажет біліміңізді, шеберлігіңізді жетілдіретін кітаптар оқып, видеолар көріп, жаттығып не үйден істеу мүмкін болса (нұсқаулық жазу, есеп беру, сараптама жасау тағысын тағы ) жұмысыңызға кірісіп кетсеңіз сізде жұмыс пен өмір бір -біріне кірісіп кетеді. Осы темппен көзіңіз ұйқыға кеткенше, 365 күн бойы өмір сүріп үйренсеңіз сіз де тауық болып емес, қыран болып өмір сүре бастайсыз. Керемет еркіндікті, бостандықты сезінесіз. Әрине арасында денсаулыққа, жақын адамдарыңызбен араласуға, саяхаттауға, моншаға, кино-театрға баруға да уақыт бөлесіз.

Қандай да бір компанияға барсаңыз Жал ақы емес, үлес «процент» төлеуін талап етіңіз. Сол кезде сіз жал ақы алатын жалшы емес, істеген ортақ жұмыстан өз пайызын алатын СЕРІКТЕСке айналасыз!

Мен өз компаниямда мүлде ЖАЛШЫ ұстамаймын, менімен жұмыс істейтін адамдардың бәрі өз пайызын алады, яғни СЕРІКТЕСТЕРім.

Менің ҰСТАНЫМЫММЕН келісесіз бе? Өз ойыңызды жазып кетсеңіз.

Ахметбек НҰРСИЛА, кәсіпкер.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.