«Құнанбай мен Зере Абайға үстінде «свечи» жағылған торт сыйлаған ба?»

0
71

Жұртшылыққа басқа-басқа, Нұрлан имамның сұрақтарға беретін жауабы қызық екені белгілі. Содан болса керек, кейде біреулер имамға қисынға келмейтін сұрақтар да қояды деп жазады Democrat.kz.

Кезекті бір эфирінде Нұрлан имамға біреу «туған күнде торттың үстінде жанған свечканы үрлеуге бола ма?» деген сауал қойыпты.

«Анау — харам, мынау — харам деп айта бергеннен жұрт ненің халал екенін білмей қалды ғой, түсінемін. Алайда «свечка» қазақтың салтында бар ма? Мысалы, Құнанбай атамыз бен Зере әжеміз Абайдың туған күнінде торттың үстіне «свечка» жағып әкеліп, құттықтаса, Абай оны үрлесе, жақсы болар ма еді? Как раз ол кезде свет те жоқ еді, қалай болар еді? Сенің атаңның атасының туған күнінде бүкіл рудың адамдары жиналып, торттың үстіне свечка қойып, мына жақтан — Наймандар, мына жақтан — Жалайырлар «құтты болсын» десіп дискотека жасады ма? Жоқ. Қазақтың салтында сүйінші сұрау бар. Өз халқыңның салтында бар нәрсені жасағаның дұрыс. Десек те, «свечка» үрлесең, кәпір болып кетпейсің», — деп жауап берді имам.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Democrat.kz.

Фото интернеттен алынды.