Құран өртеу, аяққа таптау акциялары өршіді (ВИДЕО)
Даниядағы антиисламдық белсенді Расмус Палудан Құранды демонстративті түрде өртеп, аяққа таптапты.
Ол бұл әрекетті Швецияда бірнеше рет Құранды өртеп, кейін Стокгольмдегі үйінде атып өлтірілген Салван Момикидің құрметіне жасағанын мәлімдеді.
Момикидің өлімі радикалды исламистердің зорлық-зомбылығына қарсы наразылық толқынын тудырды.
Осыған қарсы жауап ретінде соңғы күндері Еуропа, АҚШ және басқа елдерде Құран өртеу акциялары өтіп жатыр.
Жекеме төмендегі видеоны жіберген фейсбуктағы танысым ортағасырлық «Ислам тарихында халиф Осман Құранның әртүрлі нұсқаларын өртегені туралы не айтасыз?» деген сұрақ қойыпты.
Меніңше халиф Османның Құранның өзге нұсқаларын өртеп-жоюы саяси қажеттіліктен туындады.
Осман сол кездегі халифаттағы билікке таласқан топтардың өзара алауыздығын болдырмау және билікті орталықтандыру үшін Құранның бірыңғай нұсқасын бекітті.
Атап айтқанда бұл әрекет монархиялық билікті бір халифтің қолында шоғырландырудың бір тиімді жолы болды.
Ал бүгінгі таңда Құранды қорлау — өшпенділік пен арандатушылыққа бағытталған деструктивті әрекет дер едім.
Сондықтан да өз басым либерал-демократ ретінде бұндай іс-әрекетке түбегейлі қарсымын және өркениетті һәм демократиялық қоғамда өмір сүретін азаматтар діни төзімділік танытып, яғни өзгенің сенімін сыйлап-құрметтеп үйренуге тиіс деп есептеймін!
Тұрарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ, тәуелсіз дін зерттеуші.
Facebook жазбасы.
Фото интернеттен.