“Құранды адам жазған ба, құдай жазған ба?” деген сұраққа дінтанушы жауап берді

Белгілі дінтанушы Асылтай Тасболат журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мұсылман қауымының киелі кітабы Құранның жазылуына қатысты пікірін айтты деп жазады Democrat.kz.
Құранда жазылған әрбір сүрелерге қатысты Фазлу Рахманның жазбасына сүйене отырып түсіндірген Асылтай Тасболат журналистің “Құранды адам жазған ба, адам жазған ба?” деген сауалына:
“Дінге сенетін адам үшін әрине, пайғамбардың жүрегіне құдайдан уахи арқылы келді деп сенеді. Исламның дисциплиналары үш ғасырда қалыптасты. Негізінен пайғамбар сол өзі өмір сүрген қоғамдағы әртүрлі оқиғаларға құдайлық жауап берген деп айтады. Пайғамбардың заманында Құран қолға ұстайтын кітап болып жасалмады. Пайғамбар дүниеден озғаннан кейін оның сахабалары Әбубәкір Сыддықтың кезеңінде жинақталып, Османның кезеңінде жазылады”, – деген дінтанушы негізінен Құранды пайғамбар қайтыс болғаннан кейін сахабалары, яғни адамдар жазғанын айтады.
Фото интернеттен.