«Қыдекеңді тастап кете алмаймын» дейді әнші Қарақат
ТикТок әлеуметтік желісінде видео бөліскен әнші Қарақат Әбілдина көрерменін бір күлдірді деп жазады Democrat.kz.
Кафеден шыққан ба, әйтеуір Қыдырәлі Болманов өзін қоршаған жігіттермен әңгіме-дүкен құрып тұрғанда, көліктің ішінен Қарақат: «Жігіттер, рақмет! Қыдеке, қайтайық. Таңертең Ақтауға ұшуымыз керек. Шығайық» ,- деп күйеуін шақырады.
Қызықты тақырыпта сұхбат болып жатса керек, жігіттер де, Қыдекең де көлікке келе қоймайды. Жанындағы жігіттің бірі «бізге тастап кетіңіз ағаны» деп қалды. Сол сәтте әнші Қарақат: «Жо-жоқ, тастап кете алмаймын. Қыдекеңді тастап кете алмаймын. Ағаң маған керек. Мұндай азамат көп емес. Бір ғана штук»,- дейді.
@kydyrali__karakat