Қытайдан келген қазақ қыздары тек батыр жігітпен бас қосқысы келеді

0
326

Қытайдан көшіп келген қандастар арасындағы қыздардың көбі батыр жігітке күйеуге тиюді армандайды екен.

Сөйтсе олар бұрынға аталар замандағы салт әдет ғұрыпты әлі бұзбаған екен.

Қазір Қазақстандағы қыздар күйеуім әдемі жігіт болса ғой, бай болса ғой дейді.

Енді Қытайдан көшіп келген қыздардан, неге батыр жігітті армандайсыздар десем, оның рухы мен ұрық сапасы өте жоғары болатыны ғылыми түрде дәлелденген, сондықтан ондай батыр жігіттен туған баланы мықты қылып тәрбие берсең, бала оған тез бейімделеді дейді.

Ал, қай қорқақтардың ұрығын батырдікімен салыстырсаң, бәрібір оның ұрығы батырдікінен әлдеқайда әлсіз боп шығады дейді. Сосын батырлардың ұрығы сапалы болғандықтан, әйел одан тез жүкті болады дейді.

Осыны алғаш Қытайдан көшіп келген қазақ қыздан естідім.

Бұны біз неге естімегенбіз десем, Қазақстандағы қазақтар өзінің салт әдет ғұрпының көбін ұмытып қалған, сондықтан бұл ұмыт боп қалған дейді.

Бірақ біз бұны сыртқа шығарып айтпаймыз дейді.

Неге десем, сол дейді.

Не үшін құпия ұстайтынын ішім сезді…

Бұрын бала кезде, бір ақсақалдан естігенім бар.

Ол айтады, рухтары мықты,тектілер, қыздарын әлсіздің ұлдарына ешқашан бермеген дейді.

Тек тектілер тектілерге ғана берген екен.

Ұлдарына да тектінің қызын ғана алдыртқызған екен.

Ол замандағы тектілер, кімдер текті екенін алыстан таниды деседі.

Ертеде текті адамдар көп болған.

Абылайдың заманында, Көкжал Барақ батыр қырғыздардың қолынан қаза тапқанда, Барақ батырдың отыз ұлы әскер жинап қырғыздарды аяусыз қырмайма, сонда қырғыздың ақсақалы Абылайға жалбарынып, елімді аяусыз қырып жатыр, соны тоқтата гөрші деп аяғына жығылып жылайды.

Сонда Абылай айтқан екен, Көкжал Барақ арамыздағы ең тектісі, енді оның орнын немен толтырмақсың дейді.

Ал, енді Көкжал Барақ батыр қалай текті болғанына талдау жасайық.

Шежірелерде Көкжал Барақ батырдың жеті қатыны болған екен.

Төртеуі қалмақтан,үшеуі қазақтан.

Ал сол жеті қатыннан отыз ұл туған екен.

Енді қарашы, ұрығының сапасы қандай болғаны айтпаса да түсінікті.

Отыз ұлынан бөлек қанша қызы барын білмедім.

Сонда қыздарын қосқанда, барлық балалары қанша болған екен деші.

Менің ойымша оның ұрық сапасы өте жоғары болғанынан, қатындары баланы тез көтере берген деп ойлаймын.

Талай батырларда бірнеше қатынан болғанымен, осынша көп баласы болды дегенді естімедім.

Негізі рухы мықты батырлардың баласына, тәрбиенің қандайын берсеңіз де, бала соған тез бейімделеді.

Енді Барақ батырдың ұрпақтары қандай болғанына көз жүгіртсем, небір мықты адамдар көп болғанын байқадым.

Ұрпақтарында білімді, сауатты адамдар мен ғалымдар т.б елді басқарған болыс пен би т.б батырлар көп болған екен.

Журналист Мақсат Толықбай да Көкжал Барақтың ұрпағы.

Қасым Қайсен атамыз да Барақ батырдың ұрпағы .

Қазақстан медицинасын көтерген Асфендияров та Барақтың ұрпағы.

Тізіп айта берсем көп..

Ал, енді Барақ батырдың төрт қатыны қалмақтан дедік қой.

Сөйтсе төрт қатыны анау-мынау емес, қалмақтың атақты батырларының қызы боп шықты.

Енді неге атақты батырларының қызын таңдағанына үңілсеңіз, бір нәрсені түсінесіз.

Жәнібек ИМАНӘЗІР, қоғам белсендісі.

Facebook  жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.