Қытайдың қақпасы Қайрат, Төреғалилар үшін жабылған

0
804

Қытайда заң қатты, жан тәтті деп көп айтамыз ғой. Соған бір ғана мысал келтірейін. Бұл жақта жаман аты шыққан әнші-актер дегендер бірден экраннан аластатылады екен.

Мәселен, қытайлық танымал әнші екі қызбен қатар жүргені үшін өнерден қуылыпты. Бұл басқаларға теріс тәрбие береді деп бағаланған. Ал, біздің Қайрош пен Төрештер 15 тәулік жатып шығып, полицейлердің төл мерекесінде ән айтып жүре береді.

Десе де Қытайдағы концерттерге Қайрат Нұртас, Төреғалилар шақырылмайтын болыпты. Өйткені өз елінде басы дауға қалған жұлдыздарға да жол жабық дейді осындағы қандастарымыз.

Сондықтан  отандық әншілер тек жекелеген адамдардың тойына келіп жүр екен. Қазір Қытайда Мейрамбек, Сәкен, Ғазизхан, Ерке мен Райымдарға сұраныс сұмдық деседі.

Тик-токтың арқасында Алтайдың арғы жағындағы ағайындар Алатаудың етегінде не болып жатқанынан күнбе күн хабардар болып отыр.

Тіпті Шерзаттың ісі не болды, хуторлық Хасанның бандасы расымен қауіпті ме деп сұрады меннен. Иығымды қиқаң еткізіп, бұрын ондай банда бар екенін білмептім дедім.

Диас НҰРАҚЫН, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.