«Қыздың қалыңмалын 10 млн ету керек» дейді

0
325

Қазір не көп, сұхбат, подкаст көп. Кейде микрофонды алдына қойып алып, біреумен сөйлесіп отырғандай етіп, ақыл айтатындар көбейді деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде алдымыздан шыққан сондай «сұхбаттың» бірінде Gulzhan атымен тіркелген келіншек қалыңмалға қатысты пікірін айтып, жұрттың ашуына тиді.

«Қазақтың қызының қалыңмалын 10 миллион теңге етіп, көтеру керек. Себебі қазір қыздың бағасы «камри» көлігінен де төмен түсіп кетті. 1-1,5 млн беріп құтыла салады қалыңмалға. Мен бұған қарсымын. Бұл жерде саудаласып, немесе қызды сатып жатқаным жоқ. Бұл жерде қыздарымыздың құнды екенін айтқым келіп отыр. Мысалы, түріктер қыз алу үшін пәленбай кило алтын береді. Бірақ ол жақта ажырасу деген нәрсе жоқ. Ал біз ажырасудан алдыңғы орындамыз. Себебі осындай құнсыздандырудың кесірінен ажырасу көбейді», — дейді бұл келіншек.

Айтылған бұл пікірді қолдамай, керісінше ренжіп жатқан кісі көп. «10 млн теңгенің 10 жылда таппаймын ғой», «қалыңмад емес, тәрбиені түзеу керек», осындай ақылшылар бітпеді ғой», «10 млн теңгесі жоқтар үйленбей кетеді деші», «қалыңмал — қызды сату деген сөз» дескен пікірлер қарша борап жатыр.

Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.