Қыздың қарғысынан еркек белсіздік ауруына ұшырай ма?

0
1101

Әлеуметтік желіде еркектердің белсіздік дертіне қатысты емші қызық дерекпен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Емшінің жазбасынан түсінгеніміз, қарғыс алған жігіт  белсіздікке (импотент) ұшырайтын көрінеді. Әсіресе қыздардың көз жасына қалған жігіт болашақта белсіздік дертіне ұрынады екен.

Мұнан бөлек, дүниеге келмей, түсік жасатылған сәбидің обалынан еркек белсіздік ауруына душар болуы мүмкін.

Бұрын қазақтың жігіттерінде мұндай ауру өте сирек кездескенін алға тартқан емші белсіздіктің ем-домдарын да ұсынады.

Кәдімгі қойдың құйрық майы осы белсіздік ауруының таптырмас емі екенін жазған емші  «қыста тауға барып құйрық майды асып суытып нан пияз қосып жеп одан тағы құйрық майдан манты жасап жеп, құйрық майды ерітіп күн ара екі жұмалаққа жағу арқылы емделуге болады» дейді емші Ажар Акбар.

Сіз қалай ойлайсыз, еркектің белсіздікке душар болуы — қыздың көз жасынан, түсік жасатылған сәбидің обалынан болуы мүмкін бе?

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.