«Мақтабас қатындар «қарсымыз» деп қол жинап жатыр» дейді журналист
Павлодардың мақтабас қазақ қатындары мектеп қазақ мектебі болатын болса көшеге шығамыз деп жатыр. Оларға облыс әкімі Байханов дем беруде дейді жергілікті белсенділер.
Қарсымыз деген қол жинасаңдар мектепті аралас мектеп қыламыз депті деген скриншотты (скриншотты пікір алаңына салдым) кеше Руза Бейсенбайтегі апам салып еді.
Облыс әкімі екі жаққа да ойнап, екі жаққа да жақсы көрінгісі келіп, мектепті саяси саудаға салып қойды. Облысты жік-жікке бөліп, қазақ-орыс деп екіге бөліп тастады.
Улатпай-шулатпай қазақ мектебі деп атай салуға не кедергі еді? Көшеге шыққандарға СОБР жіберіп тас-талқанын шығарып, айыппұлын арқалатып, 15 тәулікке апарып қамасын!
Әлде, Әбіләзовке айтайық па? Қазақ мектебіне қарсыларың мені қолдап митингіге шығыңдар деп. Сол кезде қамайтын шығар!
О заманда бұ заман қазақ қазақ тіліне қарсы дегенді кім көрген? Бұны да көрдік ау! Путиннің біздің қатындарға өкпесі жоқ.
Былтыр еліміздің Қарулы Күштерінің әскери офицерлерінің әйелдері дядя Воваға айтамыз деп ақын-жазушыларды қорқытқан.
Сол әйелдердің бәрі қазақ! Өткенде Парламент халықаралық орыс тілі ұйымын 99.9% дауыспен қолдады. Бір-ақ депутат қарсы болды.
Р.S. Айтпақшы қарсы болған жалғыз депутат Ринат Заитов екен.
Оңғар ҚАБДЕН, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.