Мазар тұрғызу — ислам дінінде жоқ
Иә, кейбір дінкештердің ойлағаны бір қарынның қамы ғой. Қаралы үйге жандары ашып жүргендері еш байқалмайды. «Ана сахаба былай деген, мына сахаба былай деген»- деп, жаңа ғана «О» дүниеден іссапардан оралғандай, не секілдіні ойдан шығарып, әйтеуір қазақтың қазы-қартасын, жал-жаясын, жылы жұмсағын жеу секілді.
Мысалы «қонақ асы»- деген — алыстан келген туыстарға ғана арналған тағам. Ол сол үйде беріледі. Ал біздің имамдар қазір оны кафе, ресторандарға апартқызды. Содан ары қарай кете берді.
Ислам бойынша мәйітті шығарған күні өзі қаралы үйден ешкім тамақ ішпейді, ал топырақ салуға бару — әр мұсылманың парызы, міндеті! Кейін жетісін, қырқын, жылдығын бергенде ғана тамақ ішеді.
Қысқасы қазіргі күндік табыстары аз қазекеңдердің қазаға қайғыруға да мұршасы жоқ, келген адамдарды қалай тойдырамын деп уайымдайды.
Мысалы қазіргідей ақ кірпіштен өрнектеп, қоршаудың ішінен мазар тұрғызу деген исламға мүлдем жат дүние , бұл аруақтарға сиынған таза тәңіршілдік.
Ана қырғыз, өзбектерге қараңыз, биіктігі тізеден келетіндей етіп қоршау жасайды, тас қойып аты жөнін, туылған, қайтқан күнін жазады, болды. Себебі сырты дұрыстап қоршалған, мал кіре алмайды.
Біздің имам, молдалардың біреуі де бұндай ысрапшылдықты доғарыңдар деп айтпайды, мүмкін өздері де көп ештеңені сезбейді.
Қысқасы қазіргі ислам жолындағы имам , молдалар дініміздің қасиетін мүлдем кетіріп, осы қылықтарымен адамдардың исламға деген көзқарастарын өзгерте бастады, жұрттың исламнан көңілдері қалды.
Бәріне кінәлі сол кейбір имам, молдалардың қарынның қамын ғана ойлап, иектің астынан ары көруге өрелерінің жетпеуі деп ойлаймын.
Әйтпесе, тіпті TV ден болса да: «Оо , халқым! Бұл істерің ысырапшылдық, бір Құдайға күнә болады, олай емес, былай істеңдер»- деп, біреуі айтпайды. Бәрі сол үндемей, сақалдардын майлап, сен тимесең мен тимен деп жүріп жатыр.
Нәтижесінде халық ислам деп, тәңіршілдік деп екіге жарылды. Әйтеуір аспанымыз ашық болып, аяғы қайырлы болсын.
Сонау Кеңес үкіметі кезінде он бес мемлекеттің халқы партияның бір уставына қалай бағынған. Бір уыс қазақтың мұсылмандық жолы әр түрлі, бір ізділік, бір ыңғай тәртіп жоқ.
Бірі былай деп, бірі былай деп. Әлде халықтың басы бірікпесін, алауыздық болсын деген саясат па екен???
Дулат СМАҒҰЛОВ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.