Мәжілісте мәз болып күлген депутаттар жұртты да күлдірді

0
335

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс отырысында депутаттарды ду күлдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржы министрі Мәди Такиев «Еуропа Қайта құру және Даму банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына әдеттегі операцияларға жарғылық капиталдық шектеуді жою мақсатында түзетулерді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасады. Министрден кейін Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Наурыз Сайлаубай бұл заңды Парламент Сенатына ұсынуға болатынын мәлімдеді.

Заң жобасын талқылау барысында депутат Мархабат Жайымбетов сөз алды.

«Қайта құру және Даму банкі біздің сенімді серіктесімізге айналды. Үш жүзден аса жоба қолдау тауып, 11 миллиард теңге қаржы құйылды. Экономикамыздың дамуына үлкен үлес қосып жатыр. …Құрметті әріптестер, айтылғандарды ескере отырып, осы заң жобасын қолдауды ұсынамын», — деді ол.

Мәжіліс төрағасы Қошанов депутаттың пікіріне қызық реакция білдірді.

«Талқылау барысында осы заңды қабылдау жөнінде ұсыныс түсті. Қарсылық болмаса, осы ұсынысқа дауыс берулеріңізді сұраймын. Сіздің Сахараға да, Еуропаға да баяндамаларыңыз ұқсас екен», — деді Қошанов.

Мәжіліс депутаттары төрағаның бұл пікіріне ду күлді.

Фото видеодан скринделіп алынды.