Мектеп директорының әйелі жұрттың мазасын алуда (ВИДЕО)
Мақтаарал ауданынан бір «дәу» шығыпты, Қолында айыр, Құдайдың жолына қожайындық етіп,мектептің автобусын өткізбей жатыр екен. Бұл туралы белсенді мұғалім Нұржамал Реметова парақшасында жазды деп хабарлайды Democrat.kz.
1Жекеме хат жазып, видеолар жіберген бейтаныс азаматтың айтуынша: «бұл Мақтаарал ауданы Достық а.о. Хайдар елді мекені тұрғыны С.Айни мектебінің мұғалімі, сондай-ақ, осы мектеп директоры Ш.Бобоевтің әйелі.
Мектептегі білім сапасына көңілдері толмаған біраз ата-ана балаларын Жетісай қаласындағы жекеменшік мектепке берген. Сол оқушыларды жекеменшік мектепке апаратын автобусты мына апай көшесінен өткізбей жанжал шығарған», деп жазады Нұржамал Реметова.
«Қолындағы айырымен оқушыларға қауіп төндірмей ме» деген белсенді ұстаз Мақтаарал аудандық Білім бөлімі мен әкімдігіне сұрау салды.
Фото видеодан скринделіп алынды.