«Мені азаматтығымнан айырыңдар!» деген блогер үндеу жасады

0
150

ТикТок әлеуметтік желісі арқылы қазақстандық билікке үндеу жолдаған тиктокер «мені азаматтығымнан айырыңдар!» деді, деп жазады Democrat.kz.

Nomad Steppe атымен ТикТок әлеуметтік желісінде тіркелген қазақстандық азамат:

«Билік елде жүрген ағайынның қалтасына түсіп болды. Енді шетелде жұмыс істеп, ақша тапқандардың ақшасына көз салып бастапты.

Ендігі жерде шетелде жұмыс істеп тапқан ақшамызға да салық төлетпек екен. Мен шетелге өз ақшаммен барам, өліп-талып жұмыс істеп, ақша табам.

Ол ақшамнан шетелде де салық төлеймін. Ал енді Қазақстанға да салық төлесем, нем қалады? Қазақстанда тұрақты жұмыс болса, шетел асып неміз бар? Бүйткенше, азаматтымнан айыра салыңыздаршы. Әйтеуір бір ел азамат етіп қабылдар», — деп ренішін жеткізді.

Фото көрнекілік үшін.

@great.nomad

Бүйткен билігіңе #туран🇹🇷🇦🇿🇰🇿🇺🇿🇹🇲🇰🇬 #токаев🇰🇿 #алматы #ukraine🇺🇦 #шыңғысхан🇰🇿

♬ Very Sad — Enchan