«Менің еш кінәм жоқ» дейді Ерке Есмахан

0
317

Отандық шоу-бизнес өкілі Ерке Есмахан өткен өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгінде өнерлі жұп Райм мен Ерке махаббат қаласы атанған Парижде демалып жатыр.

“Парақшамдағы мұрағатты қарап, мәз болып отырмын. Ностальгия. Бұл жерде Раим екеуміздің барған шет елдеріміз. Күйеуім сонау жігітім болып жүрген кезінен бастап маған ел көрсетіп, брендтің бәрін әперіп, еркелетіп, жаман үйретті ғой. Менің еш кінәм жоқ. Бірақ бұл жерде жігітімді көрсетпей, өзім жүргендей кейіп танытқанмын», – деп ағынан жарылды әнші.

Сондай-ақ жұлдызды жұп Франция еліндегі қымбат мейрамханада тамақтанып отырғанын көрсетті.

“Екі Мишлен жұлдызы бар мейрамхана. Бәріңізге Еуропада демалу бұйырсын! Бақытты демалыс болсын!”, – деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, Мишлен мейрамханалары бірнеше онжылдықтар бойы авторлық тағамдарымен, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетулерімен және маңғаз интерьерлерімен ерекшеленіп келеді.

Фото интернеттен алынды.