Мешіттен қалың киім ұрлап кеткен адам ұсталды

0
79

Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы «Марал Ишан» қалалық мешітінде қысқы сырт киімді ұрлады деген күдікпен ер адамды анықтап, ұстады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, деструктивті радикалды ағымдардың жақтаушысы болған 39 жастағы ер адам осы сәтті пайдаланып, өзгенің киімін ұрлап кеткен. Оның айтуынша, өзінің сырт киімі жұқа болғандықтан, ол басқа біреудің киімін киіп, мешіт ғимаратынан шығып кеткен.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Тексеру барысында күдіктінің басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.