«Мүфти болудан бас тарттым» дейді Досай Кенжетай
Sadaq.media арнасына сұхбат берген ғалым Досай Кенжетай басынан өткен бір оқиғаны айтып берді деп жазады Democrat.kz.
«Сізді Дербісәлінің орнына мүфти қылайын деп жатырмыз деп хабарласты. Мен мүфти бола алмаймын, ғалыммын, менен молда шықпайды дедім. Алдын Астанадан Ислам университеті ашылады, соған ректор боласың деген ғой. Президенттің өзі солай деген. Ал ана кісі мені молда қылып жібермекші мүфти бол деп. Дінге қызмет ету оңай емес. Сосын Мұқаңа айттым, «менен молда шықпайды. Мен беті қызыл қыз көрсем, соған бұрылып кетем» дедім», — деген ғалым мүфти болудан осылай бас тартқан екен.
Фото видеодан скринделіп алынды.