Мұғалім болып 300 мың теңге айлық алғыңыз келсе…
«Мұғалімнің айлығы тым көбейіп кетті» — деп сұңқылдап отыратындарға менен тегін лайфхак:
- Екінші жоғары оқу орнына мұғалімдік мамандыққа оқуға түсесіз.
- Небәрі екі жылда мамандық алып шығасыз.
- Мұғалім жетіспей жатқан мектепке барасыз да, «мен келдім» — деп табақтай дипломыңызды директордың алдына тастай саласыз. Олар бірауыз сөзге келмей ала салады;
- 18 сағат жәнесынып жетекшілік аласыз;
- Әр сабағыңыздың жоспарын жасайсыз;
- Сабағыңызды өткен соң, оның әдістемелік талдауын жасайсыз;
- Арасында прикалываться етіп газетке мақала жазып қоясыз;
- Сыныбыңыздағы әр баланың басқан шагына басыңызбен жауап бересіз;
- Олар бұзықтық жолға түсіп кетпес үшін, патриоттық сезімдерін оятып, сынып сағатында и көрген сайын жетесіне жеткізе жалынды-жалынды сөздер айтасыз; И еще әр кездесуде айтқан сөзіңіздің дәлелі ретінде жеке-жеке хаттама жазып қоясыз;
- Оқушыларыңызды олимпиадаға дайындап, олардың орын алуына бар жағдайын жасайсыз;
- Бір ерігіп отырғанда оқу-әдістемелік құрал жазып тастайсыз напросто;
- Сосын мемлекеттің есебінен анда-санда, көбіне өз қалтаңыздан біліміңізді ұдайы жетілдіріп отырасыз;
- Журнал толтырасыз және сеть ұстамай, загрузка болып қанды ішетін БЖБ, ТЖБ, күнделік толтырасыз; Тағы бір лайфхак, жылдам толтырғыңыз келсе түнгі үшті күтіңіз, сол кезде күндізгіден шамалы жылдам істеуі мүмкін;
- Біліктілік тестін тапсырасыз;
- Толғанииииип отырып эссе жазып тастай саласыз;
- Жеткен жетістіктеріңізді көрсететін портфолио жинақтайсыз;
- Аттестаттау комиссиясы қарап-қарап, талапқа сай деп тапса сізге аттестатталғаныңыз туралы куәлік береді.
И всё, осыны істесеңіз 300 мыңнан жоғары жалақы сіздікі. Дайынсыз ба, ендеше кеттік.
Ал, әріптестер, тағы не қалып кетті? Толықтырып отырыңыздар.
Ержан ТӘЛІП, мұғалім.
Әлеуметтік желідегі жазбасы.
Фото ашық дереккөзден алынды.