Мұғалімнің масқара әрекеті әшкере болды

0
216

Түркістан облысы Қарасу ауылының ұстаздары мен оқушылары мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің үстінен шағым түсірді деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы ınformburo.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрын сотты болған педагог жоғары сыныпта оқитын қыздарға қол жүгіртіп, ұлдарға жұдырық жұмсайды дейді ата-аналар. Әріптестерін де былапыт сөзбен сыбап алатын мұғалім күні кеше ғана жылы орнынан босатылған директордың күйеуі екен.

Бұрын сотты болған мұғалімнің үстінен түскен шағымдар аз емес екенін әріптестері де растайды.

«Алтай ағай дене шынықтыру сабағында қол жүгіртеді. Құшақтап, аяғымызға тиіседі, барлық жерімізді сипалайды. Біз ата-анамызға айтуға қорқамыз. Құшақтайды. Әсіресе 9-10 сынып қыздарына тиіседі. Ұстап, менің алдыма кел дейді. Кейбірін бұрышқа тығып қояды. Солармен сөйлесіп тұрады», – деді жәбірленуші оқушы.

Мұғалімінің мұндай әрекетін жуырда ғана естіген оқушының анасы қызын бірден басқа мектепке ауыстырған. Полицияға да арыз жазған келіншек жағдайды бұлай қалдырмаймын деп отыр.

«Енді арызданамын. Бұған дейін білген жоқ едім мен. Білсем бірден арызданып шығатын едім. Қудалататын едім», – деді жәбірленген оқушының анасы Шахиста Жалмұрзаева.

Фото интернеттен көрнекілік үшін алынды.