Мұнай — тозақта жанған пенделердің тәнінен пайда болады

0
1510

Мұнай тоқазаққа кеткен жандардың тәні. Мұнайды жаққанда тозақтағы жандар өртенеді.Солай деуге болады. Неге?

Мұнай — органика. Адам тәні — органика. Мәйіттер көп жыл бойы оттегі деңгейі төмен ортаға түссе, ыдырайды. Әрине, тек мәйіттер ғана емес, өсімдіктер мен жануарлар да органикалық заттардан тұрады.

Сондай ыдырайтын органика миллиондаған жылдар бойы жиналып, мұнайға айналады.

Сонымен, миллион жыл бұрын өмір сүрген адамдар құдайдың сотына ілігіп, өртеніп жатыр, деуге болады. Оттың адамға демеуі содан болар. От болмаса, адамның өмір сүруі қиын болатын еді.

Тозақта өртеніп жатыр дегенім, бүгінгі діндердің жазбаларына сәйкес болғаны ғой. Қазақтың дегеніне келсек, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жазғанындай болады:

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда, кім болам?

Немесе Мағжан Жұмабаев айтқандай:

Ерте күнде отты Күннен Гун туған,

Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам.

Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдi,

Туа сала жалынменен мен жуғам.

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен – Күн ұлы, көзiмде Күн нұры бар.

Мен келемiн, мен келемiн, мен келем,

Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар.

Біздің ата бабабаларымыз отқа айналса, ұрпағына Күн болу үшін, жылу беру үшін, көзін ашу үшін, пайымдап, нұрын төгу үшін жанады!

Айгүл ҚОҚАЙ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.