Мұрнын шұқып, операция үстелінен бір-ақ шықты

0
730

Қытайда ер адам мұрнын шұқимын деп бетіндегі артерия жарылып кетіп, операция үстелінен бір-ақ шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Oddity Central басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның әйелі әдеттен тыс жағдай туралы айтып, өзгелерді жаман әдеттен сақтандыратын шағын бейнеролик жариялады. Оның айтуынша, Шэньси провинциясының Сяньян қаласында ер адам бала күнінен осы әдетке құмар болған.

Бір күні осы әдетінің салдарынан кенеттен қатты қан кетіп, тоқтата алмаған. Қанша тырысқанымен қан тоқтамай, ерлі-зайыптылар ауруханаға баруға мәжбүр болды. Дәрігерлер қан тамырларының жарылғанын анықтап, шұғыл ота жасады.

Ер адамның әйелі оның емделу барысын суретке түсіріп, оны мазақ етуді де ұмытпаған. Операциядан кейін ол оған әзілдеп сұрақ қойды:

«Жаным, сен неге мұрныңды шұқымайсың? Тұр да, әдетіңе қайта кіріс», — деп желіде видео жариялады.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай әдет инфекция түсіру және шырышты қабықтың зақымдану қаупі бар екенін ескертеді. Бұл қан тамырларының немесе тіпті артерияның жарылуына әкелуі мүмкін.