Мұсылман тәңірші бақсылығымен жұртты шошытты
Әлеуметтік желіде Құран сүрелері мен дауылпазын қатар қолданған бақсы жұртты әрі шошытты, әрі таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.
Осыған дейін жұртты «емдеп» алаяқтықпен ақша тапқан «Шалабай атамның әруағы» дейтін тәуіпті көрген халық бұл жолы «лә иләһа иллалаһ» деп әндеткен бақсыға әрі таңырқап, әрі шошына қарасты.
Бір әйелді теңселтіп, өзі оны айнала «лә иләһа иллалаһ» деп әндеткен бақсы «Сұлтан бақсының еміне жазыламын десеңіздер…» деп телефон нөмірін де жазып көрсеткен.
Бұл видеоға қатысты «надандық қой бұл», «басыңа түссе, барарсың бақсыға», «тәңіршілер неге алланы айтып жатыр?» «бұл ширк» деген жұрттың басым бөлігі дауылпаз ұрып, Құран сөздерін айтқан кісінің бұл әрекетін түсінбей дал болуда.
Фото видеодан скринделіп алынды.
@baqsy_syltan Султан бақсыға жазылу 7️⃣0️⃣1️⃣3️⃣5️⃣1️⃣1️⃣5️⃣1️⃣1️⃣