Мынадай завучтардан білім саласын тазарту керек
Ғылым адамдарына қастандық жасаушылардың жолын кесу керек. Тағы бір куә болған жағдайды айтайын:
Кеше мамандандырылған математика-физика мектебінің мұғалімдерімен кездестік. Қазірге аты жөнін айтпай тұрайық. Алдағы уақыттарда сот процестері күтіп тұр.
Мұғалім көптен бері оқушыларды математика-физика пәнінен олимпиадаларға дайындап жүреді. Бірақ мектептің директорының орынбасары ұзақ уақыт бойы математика-физика пәнінің мұғалімінің соңынан түсіп, бақталастық жасап, олимпиадаға дайындаған балаларды басқа бір мұғалімнің атынан беріп, еңбегін жоқ қылып, талай кесапат жасап келіпті. Бұл туралы хаттама құжаттарды алдырып жатырмыз.
Тіпті, мұғалім олимпиадаға дайындаған балалар өздерін басқа бір мұғалімнің атынан олимпиадаға жазып жібергенін көріп, ата аналарына шағымданып, жылаған екен. Олар да куә ретінде келеміз деп жатыр.
Содан кесапат завуч мұғалімге соқтығып, айтпағанын айтты қылып, демегенін деді қылып, әдеп кеңесіне тартып, әбден жүйкесіне салмақ салады.
Бір емес, бірнеше рет. Тіпті, мектепке қатысы жоқ біреулерді әдеп кеңесіне шақырып, түрлі зиянды әрекеттер жасайды. Бұл туралы хаттамаларды да алдырып жатырмыз.
Біз мұғаліммен кездесіп, мән жайларды білдік. Өте салмақты, парасатты кісі.
Міне, біздегі осындай опасыздарды анықтап, тіпті қаматып жібермесе, ғылым саласы да тоқырауға кетеді. Онсыз да тоқырауға кетіп тынған.
Әзірге бәрін талдап, зерттеп жатырмыз. Бәрі рас болса, көреміз бұл завучсымақтың шамасы неге келетінін.
Алдағы уақыттарда бұл жайында ақпарат береміз.
Әділдік Және Өркендеу қоғамдық қорының атынан:
Бекболат ҚАРЖАН.
Фото көрнекілік үшін алынды.