Мысық үшін де пітір-садақа беру керек пе? (ВИДЕО)
ТикТок әлеуметтік желісінде Нұрлан имам көрермендерінің сұрақтарына жауап беріп, үй жануарларына қатысты да айтып өтті деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.
“Үйдегі мысығым үшін де пітір садақасын берсем бола ма? Мысығым да бізбен бірге бір үйде тұрып жатыр ғой. Осы жылы асырап алдым. Ол да семьям ғой” деген сауалға Нұрлан имам: “ Құдай сақтасын. Мысығың семьяңа жатпайды. Ол орыстар “член семьи” дейтін. Ол “мишиқ” болады, итің “собака” болады. Үйдегі мышықтарға, итке, таракандарға, тышқандарға, құмырсқаларға пітір бермеңіз. Олар сенің жолыңда өле қалсын. Мысығың өле қалсын, сен аман бол, жаным. Мысықтарға “педигрей”, “китекат” алу ысырап болады. Одан да сол мысыққа алған “педигрейдің” ақшасын жағдайы жоқтарға берсең, жақсы болады”,- деп жауап берді.
@amirovserik @NURLANIMAM