“Назарбаевты қоқысқа тастамайық”

0
132

Әлеуметтік желіде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті қоқыста жатқаны туралы видео тарады деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Видео Астанада түсірілген сыңайлы. Қоқыс жәшігіне ілінген бұрынғы президенттің портреті желмен шайқалып тұр. Осы видеоға байланысты азаматтар өз пікірін білдіріп, мұның дұрыс болмағанын айтуда. “

«Ұяттары жоқ, апарып ілген адам да тура сол жерден табылмайтынына кепілдік бар ма?», «30 жыл соғыссыз өмір сүрдік. Дастарханымызда нан бар, балаларымыз тегін оқиды. Қазақстандықтар бұлай жасауға болмайды», “Назарбаевты қоқысқа тастамаңдар. Ұят болады!” деген сыңайдағы пікірлер көптеп жазылуда.

Фото ашық дереккөзден алынды.