«Некесіз туған бала мүфти болады» дейді Нұрлан имам
ТикТок әлеуметтік желісінде оқырмандарының сұрағына жауап берген Нұрлан имам некесіз туған балаға қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық сайты.
Нұрлан имамға сұрақ қойған оқырман «некесіз бала имамдыққа шыға ала ма?» деген сауал жолдаған. Осыған орай имам: «Некесіз туған бала мүфти де болады, президент те бола алады. Баланың ешқандай кінәсі жоқ. Ата-анасы жауап береді Алланың алдында. Қайдағы бір шолақ дүниені естіп алып, осындай сұрақ қоясыңдар. Сенің өзің некеде туғаныңды бір құдай біледі. Егер ата-анаң сен тумай тұрып, қатты ұрсысып, әкең «кет» деп анаңа айтса, сен де некесіз туған болып қалуың мүмкін. Сондықтан ешкімді «некесіз туған» деп түртпектеуге болмайды»,- деп жауап берді.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.