«Нысаналы мектептерге» комиссия тексеріске келе жатыр

0
3285

Комиссия келіп қырады деп жатыр бізде. Өткендегі нысаналы мектеп тізіміне іліккен мектептерге осындай хабар жетіп жатыр.

Бұл бір қызық шара болайын деп тұр. Еш ескертусіз тізімге алады. Қандай критерий бойынша іліккенін де айтпайды. Сабақ үлгерімі төмен бе, тәртібі нашар ма? Материалдық жабдықталуы келмей ме? Мектеп ғимаратына көңіл толмай ма? Әлде АББ басшысының қырына іліккен мектептер ме?

Не болса да түсініксіз. Біздің мектеп неге іліккенін ешкім де айта алмайды. Әйтеуір ілігіппіз. Егер білім көрсеткіші бойынша іліксек , келісемін. Себебі бізде қозғалыс өте көп. Қаланың мектебіне алмаған оқушылардың барлығын бізге жібереді.

Қазақша айтқанда ойдан-қырдан қашқандар. Содан әке-шешесі мектептің айналасынан пәтер жалдап,баласын оқытып жатқандары.

Оны қойшы. Иранның балалары оқып жатыр. Кәдімгі парсылар. Не орысша, не қазақша білмейді. Оларға қандай баға қоямыз? Тәжік,өзбек ағайындар да жетеді. Ресейден соғыстан қашқандар да бізде. Көрсеткіш құламағанда не болады?

Сосын. Менің тарихымда үлгерім зерттеушіге лайық динамика бойынша. Онда с какого черта басқа пән үшін мен тест тапсырып терлеуім керек?

Тағы. Модульдердегі сұрақтарды көрген адам бар ма? Қателері өріп жүр. Соны елге көрсетуге ұялар едім.

Тағы методикасы бар. Оның жағдайын өздеріңіз білесіздер. Цифрлар мен абреввиатуралардан тұрады.

Ең қызығы. Сабақ басталар кезде осындай экспериментті енгізу қаншалықты дұрыс? Және  стажы барлар, пенсияға төрт жыл қалғандар, зерттеуші-шеберлер тест дегеннен мүлде босатылып еді.

Ендігі жетпегені модульден құлап, қызарып жүргеніміз. Өтпегендердің фамилиясы қызылмен белгіленеді екен. Арасында мен де бармын. Жалпы осы дұрыс па?

Билік неге халықтан алыстап кеткен. Әлде жоғарыда тек топ менеджерлер ме, сырттан жоспар жасап отыратын. Мұғалімнің, мектептің жағдайын түсінбейтін.

Ең басты сұрақ. Нысаналы мектеп тізімін неге жасап жатыр? Басты мақсаты неде? Не береді бізге? Анау модульдеріңіз біреудің білімін арттырады дегенге өлсем сенбеймін.

Сұлтан СҮЛЕЕВ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.