«Нысаналы мектептің» директоры болудан бас тарттым

0
1054

Мен «Нысаналы мектебіме» бола директорлықтан бас тарттым. Мен тұратын ауылда Ш. Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектеп бар.

Сол мектепте бос тұрған директор лауазымына конкурсқа қатысқан болатынмын. Жалпы саны 4 үміткер болған, ең соңында кейбір критерийлеріне байланысты жалғыз өзім қалдым.

Сұхбаттасу кезеңінен алдын қамқоршылық кеңестің отырысы өтеді емес пе? Мен сол кеңесте жалғыз үміткер ретінде болдым, кеңес мүшелерінің бір ұсынысы болды.

Егер мен сол мектепке директор болсам, оқушы санының көптігіне байланысты дәлізде оқып жатқан оқушылардың мәселесін шешіп беруім керек.

Ол мәселе ауылдағы соғылып жатқан Тураб Тула мектебінің жаңа ғимараты бітсе, сол мектептің ескі ғимаратын талан-тараж қылмай, ығай мен сығайға қолды қылмай Ш. Қалдаяқов мектебінің оқушылары үшін алып беруім керек болған.

Мен қолымнан келгенше осы жұмысты атқарамын деп едім, енді директорлықтың конкурсының сұхбаттасу кезеңіне барудан бас тартып тілхат жазып бердім.

Себебі, ол мектеп не, біздің мектеп не, екеуінде де бір мәселе. Әрі ол мәселені шешу үшін ешқандай лауазымдық орынның айырмашылығы жоқ. Сонда да Ш. Қалдаяқов мектебінің ғимараты ауыл тұрғыны ретінде менің назарымда болады.

Ығайлар мен сығайлар Тураб Тула мектебінің ескі ғимаратын иемденіп жүрген болсаңыздар, ескертуімді қабыл алыңыздар.

Ал, Мен Жаңатірлік мектебіндегі өз миссиямды жалғастыра отырып, халық соққан мектептің ғимаратына үкіметтен үлес алу мақсатында жұмыс істеймін

Ғани Бейсембаев мырза, Нысаналы деп бізге өткізіп қойғандарыңыз жоқ, жағдайымызды вип қылып беріп барып, есеп сұраңыздар

Маржан БАЙЫМБЕТОВА, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.