Оқу үшін пайызсыз несие беріле ме?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандықтарға жоғары оқу орнында оқуға пайызсыз несие берілуі мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Биыл жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін төрт жаңа құрал іске қолға алынуы мүмкін… тағы бір құрал — биылдан бастап, жылдың соңында біз оны ресми түрде іске қосамыз.
Яғни бірнеше екінші деңгейлі банктермен және қаржы орталығымызбен бірлесіп заңнамалық түрде пысықтаған пайызсыз несие іске қосылуы мүмкін – қазіргі таңда соңғы жұмыстар пысықталып жатыр. АҚШ-тағыдай жоғары білім алу үшін пайызсыз несие берілуі мүмкін», — дейді Саясат Нұрбек.
Фото интернеттен алынды.