Оқушылардың ақшасын кім қайтарады, министр мырза?
Соңғы кездері еліміздің кей мектептері kundelik.kz-тен Bilimklass.kz-ке немесе Bilimklass.kz-тен kundelik.kz-ке көшуде. Осы «көшке» қатысты белсенді ұстаз негізгі проблема туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
«Сол әрлі-берлі көш кезінде, тіпті,»көштің әңгімесінің иісі» шықпай тұрғанда балалар, әсіресе, 10-11 сынып оқушылары ҰБТ-ға дайындық тесттерін сатып алған.
Қыркүйектің аяғында 6 айға сатып алған дайындық тестерінің аяқталу мерзімі наурыздың аяғына келеді.
Енді міне, «көшті екен» деп балалардың сол тестілеулерін бұғаттап қойыпты. Балалардың ақшасы кетті ғой.
Ең құрығанда балалардың платформасын пайдалану мерзімін аяқтату керек еді. Әншейінде, мұғалімге ақша жинауға болмайды дейтін басшылар неге бала мен ата-ананың мүддесін қорғамайды? Кім осыған жауап бере алады?” деп жазды белсенді ұстаз Камила Анарбай.
Фото көрнекілік үшін.