Өлген соң да бес адамға жәрдем еткен
Өмірден өткен қазақстандық әйел донор болып, бес адамға көмектесті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ағза ауыстыруға кезекте тұрған үш пациентке операцияны 17 шілде күні University Medical Center қорының мамандары жасаған.
Донор болған әйел адамның ағзалары 43 жастағы әйелге (жүрек транплантациясы), 15 жастағы қызға (бүйрек трансплантациясы) берілген.
Науқастардың жағдайы жақсы, олар мамандардың бақылауында, оңалтудан өтіп жатыр. Екінші донорлық бүйрек пен бауыр астананың Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында пациенттерге трансплантацияланды.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.