Олжас Бектенов әкімдерге тапсырма берді

0
169

Премьер-министр Олжас Бектенов су басқан өңірлердің әкімдеріне залалды бағалау жұмыстарын осы аптада аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын.

Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты, мұқият қараңыздар.  Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек», — деді ол үкімет отырысында.

Бектенов орынбасары Қанат Бозымбаевқа осы мәселені қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Алдын ала жасалған қорытындыларға сәйкес, республика бойынша 9 мыңнан астам үй жөндеуден өтеді. 4 315 үй апатты деп танылды.