Олжас Бектенов өңірлердің экономикалық өсімі туралы айтты

0
38

Бүгін былтырғы жылдың қорытындысына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңірдердің экономикалық өсіміне түсінік берді.

— Өңірлер бөлінісінде өткен жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары экономикалық өсім Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Астана және Шымкент қалаларында тіркелді. Негізгі көрсеткіштердің төмен динамикасы Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында қалыптасты, — деді Олжас Бектенов.