Өмір мен өлім — құдайдың қолында емес (ВИДЕО)
Жансақтау бөлімінде 8 жыл жұмыс жасап жүрген дәрігер-реаниматологтың айтқанын тыңдаңыздар!
Өмір мен Өлім құдайдың қолында емес, ағайын!
Туған мен өлгенді— «тағдыры» деп, өмірін жәйлы ете алғанды —«бағына» балап, сұрықсыз болып туғанды —«соры» деп бүркемелеудің қажеті жоқ.
Мұның бәрі—қоғам қабылдаған ара-қатынас әсері нәтижесі.
Бір мысал: «көрікті болып туылу—жарты бақыт» дейтінім осы менің.
Ақиқатында адамды келбетіне қарап емес, адамға, қоғамға берер потенциялына қарап бағалау қажет.
Жә, ұзақ өмір сүру /сүрмеу патологиялық процесстерге, яғни ағзадағы қалыптылық пен ауытқуларға байланысты.
Ағзаң биофизикалық гармонияда болса, көп өмір сүресің.
Демек, адамдар ата-анасы денсаулығында бар/болған ауытқуларға мән беруі керек.
Аурудың бәрі— ата-анадан, ата-бабадан!
Иммунитеті жоғары—дені сау адамға экологиялық ауытқушылықтың әсері аз.
Діни немесе тылсымға қатысты бірер сөз.
Мысалы, мен, кіл атеист нағашыларыма тартқанмын.
Бұл менің таңдауым емес.
Өз жұртыма тартқан бауырларым мен сияқты «құдайсыз» емес.
Өмірге реально баға беретіні мен-ғана болсам, қалғандарының өмірінің жартысы тылсымға байланған.
Ата—ана бойындағы жақсы немесе жаман қасиеттердің бала бойынан көрінуі— бала таңдауы емес.
Тәрбие — бала қанында бар қасиетті «уақытша ұйқыда» ұстайды.
«Өз білетін» жасқа жеткенде— «өзім білемінді» айтатыны сол.
Жарық өмірді бір-ақ рет сүресің.
Барлық ресурстарды өзіне жинап алған биліктен талап қылсаң—өмірің жақсы, талап қылмасаң—тұрмысың қайыршы, ныспың ұсқынсыз, тіріөлік кейіпте қаласың, болды.
Реалист болыңдар!
Барлық процесстерге «трезвый» көзқарас қалыптастыра біліңдер!
Төртуыл ШОҚАН, атеист қазақ.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Реаниматологтың айтқандарын төмендегі сілтемеге өтіп тыңдай аласыздар.