«Өте ыңғайсыз жағдайға қалдым» деген мұғалім әріптестеріне үндеу жасады

0
3880

ТикТок әлеуметтік желісінде мұғалім Ұлдана Қайназарова әріптестеріне үндеу жариялады деп жазады Democrat.kz.

Ұлдана Қайназарова соңғы уақытта әлеуметтік желіде оқушылардың ұстазына шоколад беру трендіне қарсылығын білдірді.

«Бүгін Достық мектебіндегі оқушыларым үйіп тәттілер әкеліпті, «апай, бұл — тренд, сізге сыйлаймыз» деп. Өте ыңғайсыз жағдайға қалдым. «Мені жақсы көрсеңдер, сабақты жақсы оқыңдаршы, айналайындар, тәттіні мен берейін» дедім», — деген ұстаз мұндай трендке қарсымын дейді.

Мұғалімнің бұл видеосына қатысты көрермендерінің бір тарапы  «онда тұрған не бар? Мұғалімін қуантқысы келген ғой», «неге сонша проблема еттіңіз? Тренд қой», «оқушыдан шоколад алғанда тұрған не бар?» десе, келесі тарап «оқушының шоколадын жемей, білім беріңдер», «Мектеп директоры осындайларға жол беретін! Ырбыңдатып мұғалімдерді. Оқушыға сол шоколадты алуға ақшаны ата-анасы береді қиналып» деген пікір жазуда.

Оқушылардың мұғаліміне тәттілер сыйлауы сіздіңше дұрыс па, бұрыс па?

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.