"Жаңартылған мектептің масқара жағдайын" айтқан белсенді педагог өз талабын қойды

"Жаңартылған мектептің масқара жағдайын" айтқан белсенді педагог өз талабын қойды
Белсенді педагог Сәния Нүсіпәлі Алматы облысы, Талғар қаласындағы спорт залы, асханасы, акт залы жоқ мектеп туралы айтып, дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.
 
Сәния Нүсіпәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Талғар қаласы, №9 мектеп.
Бізде бір сұрақ: “балаларға спорт зал сұрау – сын ба, әлде қалыпты талап па?”
 
2025 жылдың басында мектебіміз күрделі жөндеуден өтті. Сырты әдемі, іші таза. Бірақ…
— Спорт зал жоқ
— Акт залы жоқ
— Кітапхана жоқ
— Асхана жоқ (шағын буфет қана бар)
 
Бұл қалай «жаңартылған мектеп»? Балалар қайда спортпен айналысады? Қайда кітап оқиды? Қайда жиналып, шығармашылық дамиды?
 
«Кейін қарастырамыз» деген уәделер қайда кетті? Ұмытылды ма, әлде ыңғайсыз тақырып болған соң жылы жабыла салды ма?
 
Мектеп аумағындағы иесіз тұрған ескі ғимарат мәселесін көтеріп жүргенімізге “4 жыл болды”. Сот арқылы мектепке қайтарылды. Бірақ содан бері нақты құрылыс та, нақты шешім де жоқ. Әкімдер ауысты, уәде өзгерді, ал мәселе сол күйі қалды.
 
Балаларға “спорт зал, акт зал, кітапхана, толыққанды асхана” керек екенін айту – сын ба?
Жоқ. Бұл – қалыпты, заңды талап.
Бұл – балалардың қауіпсіздігі мен дамуы үшін қажетті жағдай.
«Сын көбейіп кетті» деп айту оңай.
 
Ал сол сынның артында “шынайы мәселе тұрғанын көру қиын ба?”
 
Біз тек бір нәрсені қалаймыз:
“Талғардағы балалар да ел қатарлы, толық жабдықталған мектепте оқысын.”
Жауап емес, нақты әрекет керек", деп жазды. 
Барлық жаңалықтар