Өзге ұлт өкілімен отау құрғандар 10 мыңға жуық
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда биыл қаңтарда 9613 неке, ақпанда 8498 неке тіркелген деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.
Ал былтыр некеге тұрған 120 мың жұптың (әртүрлі ұлттар — еск.) 17,6 пайызы өзге ұлт өкіліне үйленген.
Мәселен, былтыр 83 мың жігіт (қазақтар — еск.) үйленсе, соның әрбір он бесіншісі өзге ұлт өкіліне үйленген. Яғни жігіттердің (қазақтар — еск.) 6,4 пайызы өзге ұлт қызын жар етіп алған.
«2023 жылы қазақтардың (ер) өзге ұлт өкілдеріне үйлену көрсеткіші — 5437, қазақтардың басқа (әйел) өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығу көрсеткіші — 4555», — деп жазылған Ұлттық статистика дерегінде.
Былтыр 82 771 мың қыз (қазақтар — еск.) тұрмысқа шықса, соның әрбір он сегізіншісі өзге ұлт өкілімен отбасын құрған.
Фото ашық дереккөзден алынды.