«Пайғамбарды қазақ батырлары көрген» дейді имам
ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода имам-уағызшы Мұратбек Жахатов қазақ батырлары пайғамбарды көрген дейді деп жазады Democrat.kz.
Уағызшының әңгімесіне сенсек, пайғамбарды көрген батырлар туралы Мәшһүр Жүсіп жазған көрінеді.
«Бұл туралы Мәшһүр Жүсіп жазбаларында кездеседі. Ерте заманда 92 баулы қыпшақтан 92 батыр шығарып «Мұхаммедті көрейік, жанына жолдас болып ерейік» деп батырлар барған екен.
Сол кезде пайғамбарымыз 3-ші соғыстың үстінде тұр екен. Соғсатын екі тарап тұрғанда, үшінші бір топ келіп бір топқа қосыла береді, қосыла береді. «Әй не де болса, мына аз топ шығар» деп пайғамбардың тобына біздің батырлар қосылады.
Қолдарында жалаңаш қылыштан басқа ештеңе жоқ арабтарға қолына найза ұстаған, аттарының жал-құйрығы желдей ескен біздің батырлар аттарының дүбірімен қосылады.
«Мұхаммед қайсысы?» десе, оны ешкім көрсетпеген, өйткені оны өлтіріп тастайды деп қорыққан» деп әңгімені алыстан орағытқан уағызшы қазақ батырларының тілін Әбу-Бәкір түсінгенін «бұлар түркістандық-ау» деп сөйлескенін айтады.
Пайғамбар да біздің батырларды көріп «Түркім келді, көркім келді» деп қуанған екен. Бұл туралы Мәшһүр Жүсіп айтқан дейді Мұратбек Жахатов.
Фото видеодан скринделіп алынды.