Пайғамбарлар туралы сіз білмейтін сұмдық-шындықтар

0
1892

Жалпы, пайғамбарлар саны қанша? Бұл сұрақтың жауабы жоқ.Құран Кәрімде 25 пайғамбардың аты аталады.

Ол туралы Аллах: «Расында саған дейін де елшілер жібердік.Олардың кейбірін саған баян еттік те,кейбірін баян етпедік»-дейді Ғафыр сүресінде.Тек баян етілгені 25-сі ғана.Демек баян етілмеген пайғамбарларда бар болып тұр ғой.Ал хадисте 124 мың пайғамбар делінеді. (кейбір хадисте 224 мың)

Хадис-бұл Мұхаммед пайғамбардың айтып кеткендері.Демек хадистің шынайы источниктен жеткені рас болса,пайғамбар сөзі жалған болуы мүмкін емес.

(Мұсылмандар солай ойлайды)

Ал пайғамбарлар қайда жіберілген? Африка саванасына,Евразия тайгасына,Үндістанның джунглине, Американың сельвасына, қайда? Жо-жоқ!

Бәрін бір жерге,бірінен кейін бірін жібере берген.Алланың сондағы бәленбай ғасыр арпалысып жүргені бір қауым «яһуди» жұрты.Кәдімгі еврейлер.

Пайғамбарлар Алла тарапынан бұзылған қауымды түзетуге жіберілетінін ескерсек, Алланың соншама ғасыр түзете алмай жүргені сол-еврейлер.Осыдан-ақ сезе беріңіз Алланың бар-жоғын.

Мысалы: біздер қырғыздың,олар біздің әнімізді ұрлай беретіні сияқты араб-еврейлер де бір-бірінің идеясын ұрлай берген.Көрші тұрған жұрт солай етеді.Әуелі тек еврейлер ішінде пайғамбарлар шыққан, кейін Хадидженің арқасында араб арасынан да пайғамбарлар пайда болған.Тіпті Мұхаммедтің тұсында өзін пайғамбар санап,бүкіл араб түбегіне жар салған Аль-Асвад,Мусайлима,Саджах,Тулайха сынды пайғамбарлар болған.Бірақ олардың артынан көп адам ермеген.Соған қарағанда Мұхаммед пайғамбардың үгіт-насихаты мен ақшасы мықты болған секілді.Мұхаммед пайғамбардың фишкасы: еркектерге төрт әйелге шейін алуға Алладан алып берген рұқсаты болатын.Бұны дінмен заңдастырып, Алла атынан мөрлеп берді. Бұған дейін ешбір пайғамбар бұлай етпеген.

Жалпы Құранда кездесетін пайғамбарлар:

Адам,Нұх,Һуд,Салық,Ідіріс,Ибраһим,Лұт, Исмайыл,Ысқақ,Жақып,Жүсіп,Шұғайып, Имран,Мұса,Харун,Дәуіт,Сүлеймен,Айюб, Зулкифл,Жүніс, Әлиаса,Ильяс,Закария,Иса, Жақия

(бұлар туралы Әнғам сүресінде айтылған)

Мұхаммед пайғамбардың 46-шы атасы Адам пайғамбар.Шежіре бойынша солай.Ішінде 1000 жыл,900 жыл,500 жыл өмір сүрген мұстаһалар бар-мыс.

Адам-алғашқы пайғамбар.Бірақ жер бетіне өзі жалғыз түскеннен соң оны пайғамбар демесе де болады.Өйткені оның уағыз айтып,жөнге салар қауымы болмады.

Нұқ пайғамбар (Ной) – Адам атаның сегізінші ұрпағы.Жан-жануар,аң-құсты құтқарамын деп кемемен 20 ай топан сумен аққан.

(ішерге суды қайдан тапты екен? Түйенің өзі бір ай су ішпей жүре алады,ал олар 20 ай жүзген)

Ідіріс пайғамбар (Енох)-қай мекенге жіберіл-гені белгісіз.Нұх пайғамбардың арғы атасы. Алладан оған 30 парақтан тұратын кітап түскен.Ол кітабы ұмыт болған.Ол алғаш садақ жасауды,жазуды адамзатқа үйреткен пайғамбар делінеді Құранда.Жазу б.д.д 2750 ж пайда болса,ал садақты адамдар 64 мың жыл бұрын жасап қолданған (Сибиду аңғарынан табылған жебелер дәлел)

Демек алғаш жазу жазып,садақ жасаған Ідіріс пайғамбар емес.Жазудың пайда болуы мен садақтың шығу жылының арасында мыңдаған жыл алшақтық жатыр.

(Алла оны қалай білмей қалған)

Худ пайғамбар (Евер)-Йеменді мекендеген Ад қауымына жіберілген.Ол Ад қауымын түзете алмаған.Түзете алмаса несіне жібереді? Аллаһ Ад қауымына қаһарланып оларды құртып жіберген.

(Лучше пайғамбар жібермей-ақ құрта салмады ма,бәрін біліп тұрып несіне әуреленеді)

Салық пайғамбар-арабия мен Сириянының арасын мекендеген (Шам мен Хижаз) Самуд жұртына жіберіледі.Ол да самуд қауымын түзете алмаған.Самуд жұрты Салықтың түйесін өлтірген.

(К стати Салықтың түйесі қазір Каусар өзенінен су ішіп Жәннәтта жайылып жүр)

Аллаһ тағала Самуд жұрдына ашуланып оларды жоқ еткен.

Ибраһим пайғамбар (Авраам)-Вавилон жұртына жіберілген.Олда вавилон жұртын дінге шақыра алмаған.Ғылым-білімі гүлденген жұрт Ибраһимнің ертегісіне сенбесі анық. Вавилон патшасы Намрут оны тіпті өртеп жіберген.Лаулаған оттан аман шыққан Ибрахим араб жеріне кеп қағбаны салады.Ашуға мінген Аллах вавилон жұртын патшасымен бірге жоқ еткен.Авраамдық діндердің (иуда,христиан,ислам) түп атасы осы кісі.

Лұт пайғамбар (Лот)-еврейлерге жіберілген. Оның қауымы жыныстық азғындықпен айналысқан.Оларды Лұт дұрыс жолға сала алмаған.Ашуланған Аллах Содом және Гоморр қалаларын от жалынмен атқан.Екі қаланың тек күлі ғана қалыпты-мыс.Тек ол қаладан Лұт пайғамбардың отбасы аман шыққан.Лұт Ибраһимнің шариғатымен жүрген. Қызық? Ибраһимге кітап түспеген,сонда қандай шариғат ондағы?

Исмайыл пайғамбар (Измаил)– Ибрахимнің ұлы.Аяғымен жерді теуіп Зәм-зәм суын шығарған мықты осы.

Ысқақ пайғамбар- еврейлерге (Шам еліне) мұстаха қып жіберілді.Әкесі Ибрахим құрбандыққа шалған кезінде.Ысқақтың орнына «парашютпен» көктен көк қошқар түсірілді.Жәннәтқа кіретін мақұлықтың бірі осы көк қошқар.Осыдан бастап қаншама қой құрбандыққа шалынды екен? Ысқақ секілді баламды құрбандыққа шалам деп,қаншама фанатик-әке балдарын бауыздап тастады. Ойлаудың өзі қорқынышты.

Жақып (Иаков) пайғамбар- палестина еврейлеріне жіберілді.Кей жылнамада Исраиль деп (Құдаймен күресуші) әспеттеледі. Бүгінгі Израиль мемлекеті осы кісінің құрметіне аталады.Періште кейпіне енген Құдаймен күрескен борец осы. Сондағысы Құдайға «бата бер» деп кіжінуден туған.

Жүсіп (Йосиф) пайғамбар – еврейлерге пайғамбар қып жіберілді.Яһудейлерді Мысыр еліне әкелуші.

Шұғайыб (Иофор) пайғамбар – Мадиян қауымына жіберілді.Синай жері.Қауымын түзете алмаған,содан елі Алланың наласына ұшыраған.Мұса пайғамбардың қайын атасы.

Мұса пайғамбар- Мысыр еліне жіберілген. Ақыры мысыр жұртын түзете алмаған.Алла қаһарына мініп перғауын мен оның жұртын жоқ еткен.Тарих олай демейді бірақ.Мұсаға Тәурәт кітабы жіберілген.Мұса өзіне қарасты яхудейлерді артына ертіп Иерусалимге кетеді.40 жыл жол жүреді.

(Каир мен Иерусалимның арасы 740 км. Жаяу,күніне 8 сағат жол жүрген адам 20 күнде жетеді.Ал ол 40 жыл жүрген.Қызық..)

Харун (Аарон) пайғамбар- Мұса пайғамбар-дың қасында жәрдемші болған.Қызық бір мезгілде екі пайғамбар жіберудің қажеті қанша? Және біреуін жәрдемші қып қояды, оданда пайғамбар демей-ақ сахаба десе болады емес пе?

Дәуіт (Давид) пайғамбар-яхудейлерге жіберілген.Еврей мемлекетінің патшасы. Забур кітабы түскен.Мұса пайғамбардың жолын ұстанған.Забур кітабы Тәурат кітабын толықтыру үшін түсірілген.

(кейбір қазақтар Дәуіт пайғамбар деп яһудейлердің 2-ші патшасын мұқты көріп жүр ғой)

Сүлеймен пайғамбар- еврейлерге жіберілген Яһудейлердің 3-ші патшасы.Аң-құстың тілін білген делінеді.Өзінің туған ағасы Адонияны тақ таласы кезінде алдап ұстап ап,басын шапқан.

Айюб (Иов) пайғамбар-еврей еліне жіберілді.Бұлда еврей елінің патшасы болған.

Зулкифл (Иезекииль) пайғамбар – яһудейлерге жіберілген пайғамбар.Мұсаның жолын жалғаушы.390 күн сол жағымен 40 күн оң жағымен ұйқтай алатын ұйқы соғарың осы.

Жүніс (Иона) пайғамбар – ассирия жеріндегі еврейлерге пайғамбар қып жіберілді. Жұртын дінге шақыра алмаған.Теңізде кит жұтып қоятын,киттің қарнында өмір сүрген пайғамбар осы шырақ.Жүністі жұтқан кит жәннәтқа кіретін мақұлықтың бірі саналады.

Ильяс (Илия) пайғамбар-еврейлерге жіберілді. Халқын дінге шақыра алмаған. Мұсаның жолымен жүрген.

Әлиаса (Аль-Яса) пайғамбар- еврейлерге жіберілген.Ильяс пайғамбардың замандасы әрі шәкірті.Қызық,бір пайғамбарды екінші пайғамбарға шәкірт қып жібергені несі.Әрі бір қалаға және бір уақытта? Соған қараған-да еврей жұрттында өзін пайғамбар санаған адамдар сол заманда көп болған ау.

Бұлда Мұсаның жолын ұстанушы.Өзінің жолы болмаса, кітап түспесе несі пайғамбар деймін да?

Закария (Захария) пайғамбар-еврейлерге жіберілген. Яһудейлер оның сөзіне құлақ аспаған. Еврейлер Мариямен ойнас жасадың деп оны өлтірген.Исаның әкесі осы дегенде сыбыс бар.

Жақия (Иоанн) пайғамбар – еврей жұртына жіберілді.Иса пайғамбардың замандасы. Екеуі бір уақытта,бір қауымға жіберілді. Исаның жолымен жүруші.Еврейлер өлтірген. Қызық ия? Исаны жіберіп тұр,онымен қабаттастырып Жақияны жіберудің керегі не? Соған қарағанда екеуі сыбайлас болған сияқты.

Иса (Иисус) пайғамбар – еврейлерге жіберілді.Әкесіз туылған.Ол мүмкін емес қой.Тек қана 3 жыл пайғамбар болған.Інжіл кітабы түсірілген.Кейін азаптап өлтірілді

Қарап отырсақ пайғамбарлардың бәрі еврейлерге жіберілген.Тек Мұхаммед қана арабтар арасынан шыққан.Бұл нені білдіреді? Бұл Мұхаммед дінді яһудейлер-ден үйреніп,араб арасына кеп пайғамбар болды деген сөз.Тек еврей Құдайының орнына құрайыш тайпасының пұт құдайы Иллохты (Алла) қояды.

Қарап отырсақ бүкіл пайғамбарлар өз қауымын тәртіпке шақырып,дінді үйретіп Алланы таныта алмайды.Сосын Алла оларды жазалайды.Несі қызық,онда несіне жіберді?

Бұл не деген сөз?

Бұл Мұхаммедтің жұртты: әне көрдіңдер ме, сол пайғамбарлардың айтқанын істемеген жұртты Алла жоқ етті-деп қорқытып-үркітуі үшін пайдаланған езбесі сияқты.Өздерін пайғамбар санағандар сол кездегі патшалар-ға қарсы шығып,жұртын өздеріне ертіп, өздері патша боп билеп-төстегісі келген. Сондықтан барлығы дерлік қатаң жазаланды кезінде.

Егер Алла шынымен болған болса алақандай бір жерге 124 мың пайғамбар жібермей-ақ неге бүкіл дүние жүзінің барлық жеріне пайғамбарлар жібермеді?

Пайғамбар түскен, жіберілген жердің территориясын қарап отырсақ Қазақстанның бір облысындай жер ғана.Тек Таяу шығысқа (бізге шығыс емес және таяуда емес) бірінен соң бірі пайғамбарлар жіберіп несіне керек? Өзге өңірлерде де (европа, азия,америка) адамдар бар мысалы,соларға жібермей ме,өзін танытуға?

Аллаһ шынымен бар болған болса Европа мен Азияға,Африка мен Америкаға, Австралия мен Жаңа Зеландияға неге пайғамбар жібермеген? Соған қарап «Аллаһ»-тың бар екеніне күмәнім зор.Неге барлық пайғамбарларды еврейлерге және алақандай аумаққа төге берген? Осының өзі-ақ дінге күмән келтіруге тұрарлық.Есі бар адам осыны ойласа керекті,дін осы екен деп «күмп» етіп қойып кетпей.

Және бір уақытта бір қалаға бірнеше пайғамбар жіберіп несіне керек? Пайғамбарлардың келген уақыты мен түскен жерін (место высадки) зеріттеп қараған адам сразу ойланар еді.Жұрт бәрі әр заманда әр аймаққа,әр жұртқа келді деп ойлап жүр.

Шынтуайтында бір біріне шәкірт болып, бір қалада жүре берген.Бірінің өтірігіне екіншісі қарсы шықпаған соң,бір-біріне тиіспеген және оның да өтірігін бүркемелеп олда «пайғамбар»-деп қолдап отырған.

Құранның Ғафыр сүресінде Алла Мұхаммедке: саған дейінде пайғамбарлар жібердік,оның біразын саған мәлім еттік те, біразын саған баян етпедік дейді.

Інжіл мен Тауратта пайғамбарлар жетеді. Олар бұрынғы және кейінгі пайғамбарлар, Ұлы және кіші пайғамбар,әулиелер боп кете береді.Оның бәрінің атын жаттау (еврей емес адамға) қиын әрине.Сол реттен Мұхаммед тек есте қалған 25 пайғамбардың атын атады.В друг біреу шығып: мынандай деген пайғамбар болыпты десе,жоғардағы сүрені мысалға келтіреді: мен білмедім,тек маған мәлім етілгені осылар-деп.

Хадиша қатынның Мұхаммедтен «пайғамбар» жасап,араб ұлты мен жерін билеу үшін істеген айласы осы.Жоспары іске асты да,бірақ жемісін көре алмады,ерте өліп кетіп.Еврейлер Мұхаммедті еш уақытта «пайғамбар,Құдайдың елшісі»-деп мойындаған емес.

Өйткені ол араб,ал Құдайдың елшісі тек еврей ұлтынан шығу керек олардың түсінігінде.Құранда кездесетін 25 пайғамбардың бәрі еврей ұлтынан және тек еврейлерге жіберілген.

Мұхаммед олар үшін-«чужак!

Пайғамбарлардың шығуы мен таққа таласуы қазіргі тілмен айтсақ сетевой маркетинг сияқты.Эн-вэй,Мэрри Кей,Грин Вэй, Феберлик,Эйвон тб пайғамбарлар шықты ғой қазір адамдардың басын айналдырып.Сол секілді пайғамбарларда сол кездегі «сетевой маркетинг»

Адамдар қай заманда да тылсымға, о дүниенің құпиялығына қызыққан,қазірде бас қатыруда.Ал о заманда тіпті қиын болған,сол реттен Құдайдың жіберген «елшілерінің» қармағына жиі түсіп қалып отырған.Қазір технология мен ғылымның дамыған уақытын да алданып жүргендер жетеді,ол заманды айтпағанда.Сол кезде уағыз айтып,халықты артына ерткісі келген адамдар (типа елші) көп болған,билік оларды дер кезінде тиып отырған.Ол сол мемлекеттің қауіпсіздігіне, ұйыған тыныштығына қауіп болатын.Сол реттен пайғамбармын дегендерге ескерту жасап,қойдырып отырған,қоймағандарын елден қуған.Оған да қоймаса өлім жазасына кескен.Мына жоғарда аталған «елшілердің» барлығы дерлік жазаланғандар.Кейбірінің басын шапқан, азаптап өлтірген, ат құйрығына байлаған,өртеп өлтірген т.с.с

Қазіргі тілмен айтсақ пайғамбарлардың барлығы билікті тартып алу үшін, билікке келу үшін патшаларына қарсы елді азғырған алаяқтар. Анархист-сеперлер

Шынында сол кездегі шыққан пайғамбарлар елге таратып жүрген уағыздарына өздері сенбеген.

Солай жұртым.Сіздер де еврейлердің ертегісіне иланып қалмаңдар?!

Саясат ҚАЗЫБЕКҰЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.