Радикалдардың көсемі көз жұмды
ХАМАС радикалды тобының саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны Тегеранда өлтіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW-ға сілтеме жасап.
Иран Ислам революциясының Қамқоршылар корпусының мәлімдемесіне сәйкес, Хания мен оның оққағарларының бірі Тегерандағы резиденциясына жасалған шабуылда кезінде қаза тапқан.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері кейінірек жарияланады», — деп хабарлады Қамқоршылар корпусы.
ХАМАС Еуропалық Одақ пен АҚШ-та террористік ұйым ретінде танылған. Исмаил Хания 2017 жылдан бастап ХАМАС-тың саяси қанатын басқарды және бүкіл топтардың жетекшісі болып саналады.
Еске салайық, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС радикалды тобы Израильге шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Израиль қарсы әскери операцияны бастады. Газа секторында 35 мыңнан астам адам қаза тапты.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.